Ертеде бір шал төрт ұлын шақырып, былай депті:
— Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, — депті.
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
— Міне, менің байлығым. Кім бай болса, сол ақылды, — депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келіп:
— Мына киімді көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, — дейді.
Үшінші ұлы асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып:
— Мұндай белдікті ешкім де буынып көрген жоқ, — дейді,
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды. Ең кіші ұлына қарап:
— Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? — дейді.
Сонда кенжесі:
— Менде тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар, — депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кенже ұлын атапты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
13.07.2025 17:19
13.07.2025 17:11
10.07.2025 00:08
06.07.2025 15:59
11.03.2025 12:03
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
-
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі