Тырнаның ақылы

Басты бет / Қазақша ертегілер (1000+) / Тырнаның ақылы

Тырнаның ақылы — Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі материал.

Материал — Тырнаның ақылы, ертегі, Сүлеймен патша, Судың қасиеті — осы тақырыптарға байланысты.

Күндердің бір күнінде бір сиқыршы Сүлеймен патшаға мәңгі өмір сыйлайтын суды сыйға тартқан екен. Киелі суды ішу-ішпеуі жөнінде ақылдаспақ болып, күллі аң мен құстарды жинайды. Ұзамай хайуанат біткен тегіс бас қосады. Тек ұзынсирақ Көкқұтан ғана келмейді.

Сонда Сүлеймен патша тұрып, Итке тіл қатады:

— Сенің басқалардан байбаламың көптеу еді, сен барып, Көкқұтанды азғырып әкелші маған, — дейді.

Ит шынымен-ақ Көкқұтанды ертіп әкеледі.

— Уа, Көкқұтан, көнекөз кемелім, мына бір киелі суды ішейін бе, ішпейін бе, соны айтшы? — дейді Сүлеймен.

— Егер мына суың өзіңнің барша дос-жарандарыңа, туған-туысқандарыңа және ұшқан құс, жүгірген аңға жететін болса, онда бұл суды ішіп қой. Тамшысын да қалдырма. Сонда өмірден бақытты да, қуанышты да табасың. Бірақ оны бір өзің ғана ішсең, мәңгі бақи өкініп-опынумен өтесің. Жалғанда соқа басың сопайып, жалғыз қаласың, жақын-жуығыңның бәрі баяғыда кеткен соң, бір өзің не қуаныш, не қызық көріп жарытам дейсің.

— Япырым-ай, сен шынында да данышпан екенсің. Мұны маған сенен басқа тірі жан айта алмас еді, — дейді Сүлеймен риза болып.

Сөйтіп, ол киелі суды ішпейді.

Пошшо Қожа. Аударған Әбдімәлік Жұмабаев



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Фарида Бауыржанқызы

Күштң

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тырнаның ақылы деген не?

Бұл бетте Тырнаның ақылы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тырнаның ақылы материалы Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі басқа материалдар Тырнаның ақылы тақырыбындағы материалдар ертегі тақырыбындағы материалдар Сүлеймен патша тақырыбындағы материалдар Судың қасиеті тақырыбындағы материалдар су туралы ертегі тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар