Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ, жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күнделікті өмірінде еш қызық болмапты. Содан күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты Ойын екен. Ойын келісімен-ақ Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті. Айнала айғай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан бос қалуға айналады.
Ата-аналар әрі-бері ақылдасып, көмекке Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жанданып қоя беріпті. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Осылайша уақыт өте беріпті. Сонда да балаларға бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар ол жетіспейтін нәрсе Оқу деп тауыпты. Өйткені балалар ойын ойнап, шынығып, еңбек етіп, өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен, енді көмекке Оқу келіпті. Ойын мен еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.
Күні бойы сабақ оқып қажыған баланы сергіту үшін Спорт жәрдемге келеді. Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген балалар.
Оқудың Кітап деген көзәйнек таққан қайырымды қарт атасы бар екен. Оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында Балалар елі кемеліне келіп, гүлдене түседі. Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап — алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі