Өлең, жыр, ақындар

ҚАЗҰУ-дың Тарих факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында.

Өзімнің білім алып жүрген факультеттім туралы аздап хабар бере кетейін. Тарих, археология жəне этнология факультеті отандық жəне шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі, ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану, кітапхана ісі саласы бойынша жоғары дəрежелі маман дайындау ісінде еліміздің көнекөз, ең мықты, мойындалған орталық болып табылады. Факультет бітірушілері ғылым мен білім беру салаларымен қатар дипломатиялық жəне əкімшілік жұмыстарда, қарулы күштер мен ішкі істер саласында, ұлттық  қауіпсіздік комитетінде үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда Тарих, археология жəне этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы басқаруда.

Тарих, археология жəне этнология факультетін бітірген мамандар тарих, археология, саясаттану жəне мəдениеттану салалары бойынша іргелі терең білім алып шығады. Оқу барысында шет тілдерін жетік игерудің жəне көптеген ұйымдармен кең байланыс орнатудың арқасында бітірушілер кейін қызықты əрі болашағы бар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Факультет бітірушілері ғылым мен білім беру салаларымен қатар дипломатиялық жəне əкімшілік жұмыстарда, қарулы күштер мен ішкі істер саласында, ұлттық  қауіпсіздік комитетінде үлкен сұранысқа ие.

Оразалы Ай-Таңсық Серікқызы

Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ,

Тapих, apхeoлoгия жәнe этнoлoгия фaкультeтiнiң 2-куpc мaгиcтpaнтты


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз