Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шығармашылық топтарының құрамына инклюзивті білім беру саласында әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу бойынша Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ 5 бастауыш сынып мұғалімі енді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша әдістемелік ұсынымдар оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша БЖБ мен ТЖБ сараланған тапсырмаларын құрастыру мәселелеріне қатысты болады.
Республикалық шығармашылық топтардың құрамында павлодарлық мұғалімдер Назаренко Анна Олеговна «Сауаттылыққа үйрету» пәні бойынша, Акимова Екатерина Васильевна - математикадан, Гордеева Елена Викторовна - «Әдеби оқу» пәні бойынша, Дядченко Евгения Леонидовна - жаратылыстану пәні бойынша, Решетова Евлампия Сергеевна - «Дүниетану» пәні бойынша жұмыс істейді.
№ 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ-да ерекше білім беру қажеттілігі бар 6 оқушы білім алуда. Мектепте жеке білім беру бағдарламалары (ауызша, көрнекі, ойын, практикалық), коллаборативті орта құру негізінде оларды дамыту, оқыту және әлеуметтендіру үшін белгілі шығармашылық жұмыс жүргізіледі.Анна Олеговна «Инклюзивті білім беру жағдайында 1 сыныпта математиканы оқыту» әдістемелік-дидактикалық құралының, Евгения Леонидовна - «2 сыныпқа арналған математикадан жиынтық жұмыс дәптері» құралының авторы, Елена Викторовна «Оқушылардың жеке түзету жұмыстарына арналған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбымен жұмыс істейді. Жас мамандар Екатерина Васильевна, Евлампия Сергеевна инклюзивтік білім беру бойынша қалалық шығармашылық топтардың, оқыту семинарларына қатысады. «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру ортасына қосу бойынша жүйелі тәсіл арқылы практикада интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру жағдайларын жасау үшін оқу, оқу-әдістемелік, дидактикалық базаны құру маңызды», - деп атап өтті Анна Олеговна.
Бағдәулет Нұрмат
Білім басқармасының баспасөз хатшысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі