Өлең, жыр, ақындар

Асан қайғының баласы Абат туралы

Асан қайғының Абат деген бір баласы болыпты. Ол өте батыр, ер және кең көрінеді. Бұл орақ, Мамайлармен бірге талай соғысқа қатынасқан екен. Бұл өте кең болыпты. Жұрт «Абат кең» деп шуласыпты. Сол уақыттағы хан оның кеңдігін сынайын деп Абатты бір жаққа жұмсайды. Бұның бір сұлу әйелі болады екен. Сол әйелді ол өте жақсы көреді. Абат келер кезде әйелінің қасына екі құл жатқызыпты, екеуін екі жағына және екеуінің екі қолын әйелдің астына салдыртыпты.

Абат келеді, келсе, әйелінің қасында екі құл жатыр. Бір-бір қолдары әйелінің астында. Бұл екеуінің екі қолын әйелінің астынан алып: «Бұлай жата ма екен?» деп, үстіне салған екен дейді. Сөйтіп, оның нағыз кең екенін біліпті. Асанқайғы осы баласымен бір жаққа көшіп бара жатса, әлгі Абат өліпті. Сонда сол жерде көп ауыл бар екен.

Асанқайғы сол ауылға: «таң атқанша үй басына бір-бір кірпіш даярласын» депті. Таң атқасын даяр болыпты. Сонымен оны там салып, қойыпты. Оның моласы Келес өзенінің бойында бар екен дейді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз