Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.
Әл-Фараби
Жер жаһанды жайлаған пандемия жағдайы өмірдің барлық салаларын сынап қана қоймай, жаңа арнаға бет бұруға әкелгені баршамызға аян. Сол салалардың қатарында білім беру жүйесі ерекше аталады. Аяқтан шалған кедергі, емі жоқ дерттің белең алуына қарамастан білім беру, оқыту, тәрбиелеу үдерістері еш толастамауын мақсат еткен елімізде 2019-2020 оқу жылының IV тоқсаны жаңашылдық пен өзгерістерге толы болғаны белгілі. Бұл «ата-ана-мектеп-мұғалім» үштігінің берік қалыптасуына негіз бола отырып, қашықтан оқыту жүйесіне бетбұрыс жасаудың алғашқы қадамдары еді. Себебі, еліміздің білім беру жүйесі тарихында жаппай қашықтан оқыту бастамасы жүзеге асырылмағандығын ескерсек, бұл арнада қызмет жасау мұғалімдерге артылған зор сенімнің айғағы, дәлелі болмақ.
Ақпараттық технологиялар мен техниканың дамыған заманында қашықтан оқытудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану ағымдағы жылдың білім беру жүйесінде ерекше маңызға ие болды. Осы орайда негізгі білім беру арналарында түрлі платформалар мен бағдарламалардың аясы кеңейтіліп, оқушылардың жағдайын жасауға барынша бағытталды. Пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, тақырыпты тереңінен меңгерту, оқу мақсаттарына жетуді қашықтан жүзеге асыру, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс жасауды қолжетімді ету мақсатында Алматы қаласы №84 жалпы білім беретін мектепте оқытудың жаңа межесі алынды деп толығымен айта аламын. Себебі нәтижеге бағытталған үдеріске даярлық тыңғылықты жүзеге асырылып, әр оқушының байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі ескерілді. Қашықтан оқытудың тиімді платформалары ретінде Kundelik.kz, WhatsApp, Google classroom, Daryn.online, Bilimland платформалары таңдалып, оқу-тәрбие үдерісіне тиімді ретінде таңдалды. Түрксіб аудандық білім бөлімінің басшылығы тарапынан да оқу-әдістемелік көмек беріліп, бағыттау жұмыстары жоғары деңгейдегі сипатын алды.
Жас маман – жас өскін. Қалай бапталынса, солай жайқалады. Ақпараттық технологияның бар мүмкіндігін пайдаланып, оған жаңашыл леп үстеп келе жатқан №84 жалпы білім беретін мектептің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқушыларға бағыт ретінде қашықтан оқытуды арнадан қалыспай жүргізіп келе жатырмын. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» - деп ұлы педагог В.Сухомлинский айтпақшы, дәл қазіргі жағдайда қашықтан білім беретін мұғалім – нәтижеге бағытталған іс-әрекеттердің арнасын жүрегімен сезіп, шын көңілмен бағалай білуші. Міне, осы бағытты ту етіп, 5, 6-сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда екі жақты тиімді байланысты басшылыққа алуды бетке ұстап келемін. Оқушыға тақырып жөнінде ақпараттың қабылдануын, оны меңгеру жөнінде кері байланыс жасауын, пәнаралық байланыстарды, оқу тапсырмаларының жеңіл түрлерін, телеарнадағы видео-сабақтармен өзектестіру сынды бағыттар – қашықтан оқытудағы менің ұстанған позициям.
Түйіндей айтар болсам: қашықтан оқыту–педагогтық іс-әрекетте жаңашылдыққа бастаған, айтарлықтай нәтижелерге бет бұрған білім берудің айрықша түрі. Осындай арнада өз біліктілігімді шыңдауым менің мұғалімдік дағдым мен өремді арттырмаса, кемітпесі анық.
Әйгерім Тоқтаржанқызы
№84 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі