Бір күні Жиреншені хан шақыртып, оған қырық сиыр беріпті. «Осы сиырлардың ішек қарнын тірілей тазалап әкел, барлығын да соясың, сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!» — депті. Жиренше сиырларды алып, әйелі Қарашашқа келеді. Қарашаш:
— Қорықпа, сиырларды ащы құдықтың басына алып барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдырып қуа бер. Әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жынды су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер, — депті.
Жиренше Қарашаштың барлық айтқандарын істеген екен, оның айтқандарының барлығы да дұрыс келіпті. Сөйтіп, қырық сиырдың барлығының ішін тазалап, ханға алып келіпті. Хан сиырларды шетінен соя бастапты. Бірақ ешбіреуінің ішінен қылтаң таба алмай, аң-таң қалған екен дейді.
* * *
Бір күні хан Жиреншеге хабар береді:
— Жиренше біздікіне келсін, келгенде жолмен де жүрмесін, жолсыз да жүрмесін, — депті.
Жиренше бір ит пен бір ешкіні қосақтапты да, жолға түсіп хан үйіне қарай келе жатады. Хан үйіне жақындайды. Оның келе жатқанын халық көріп:
— Мынау кім өзі, жолмен де жүрмейді, жолсыз да жүрмейді. Қалай жүріп келе жатқан адам? — деп таңғалады. Онсыз да ит пен ешкі қосақтағанда қалай дұрыс жүрсін, былайынша жүргеннің өзінде де дұрыс жүрмейді, — депті. Жиреншенің тапқырлығын көріп, хан таң қалған екен дейді.
Бейсек
Жиреншенің тапқырлығы керемет