Өлеңдер Бөлімі

Қыркүйектен бастап мұғалімдер жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемеақы ала алады

Педагогтар үстемеақы алуы үшін жаз айларының ішінде аттестаттау рәсімін бітіруіміз керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.

Сонымен қатар, министр бұған дейін балабақша, колледж педагогтері, директорлар мен олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтпегенін және үстемақы алмағанын атап өтті.

«Бұл мәселе көптен бері көтеріліп келді. Мысалы, колледж педагогтары аттестаттаудан өтеді. Бірақ, алған санатына тиісті үстемақы берілмейтін. Мектеп мұғалімдері үстемеақы алады, ал колледж мұғалімдері алмайтын. Балабақша бойынша да осы мәселені әріптестеріміз қанша жылдан бері көтеріп келді. Директорлар мен олардың орынбасарлары туралы тіпті айтудың да керегі жоқ. Олар аттестаттаудан өтпейтін және өтсе де үстемеақы алмайтын. Енді директор мен оның орынбасарлары аттестаттаудан өтіп, нәтижесінде 30-дан 100 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алу мүмкіндігіне ие болады. Балабақша, мектеп, колледж педагогтарына 30-дан 50 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл қаңтар айынан бастап қосылған 25 пайыз жалақыға қосымша төленеді», — деді Асхат Аймағамбетов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (21)

Жанар

Неге мұғалімдердің байлығын көтере береді,кешегі соңғы тоқсанда ата-аналар жоқшылық,олар тек тапсырма беріп қойып отырды,балаларымыздың білім деңгейін сол карантинде көрдім,алған бестеріне алайық емес,сонда мұғалімдер өтірік баға қояды ма?

әділхан

мұғалімдердің айлығын қайта азайту керек.Өтірік баға мен өздерінің шала сауаттылықтарының арқасында білімсіз жастарды мектептен шығарып жатыр.Бәрі бірдей емес әрине.Сол сауатсыз мұғалімдер мен жоғарғы оқу орнын бітірген сауатсыз мамандар еліміздің болашағына балта шабады.Оның зардабын қарапайым халық әлі көп көреді болашақта.

Мадина

Психологиялык ириктеу жасауды умытпаныздар,не бир психтар устаз болып жарытпас

Айжан

Мұғалім айлығын көтере берудің қажеті жоқ кезінде жұмыс жоқ кезде дипломды өтірік оқығандар бухгалтер кассир дүкенші пол жуғыш мал баққандар. Балабақшаға бала алып барсаң тәрбиешілер немерелерін құшақтап отырады қалғандары ешкімі жоқ балалар әр жерде жатады дөңгелеп өз немерелерін ойнатады қымтап жауып жатады мұғалімдер өтірік ауданнан ары аса алмайды жинап алғандары аудан грамоталары облыс,республика ондай жоқ мына директорлар өзіне пайдасы бар адамдарды жинап алған. Басқа адамдар келеді кетеді ал директор аспандағы ай. Қол жетпейтін.Артыңа түсіп алады бәрі жемқор шынымен ақ Қазақстандағы жемқор чиновниктердің артынан теуіп қуу керек. Ит жыным кеп отыр мұғалімнің айлығын көбейтеміз дегенше 90 жылдары жұмыссыз қалған 40 пен 60 жас аралығындағы сол кездегі жастар қазір минимальный зейнетақымен қалғандардың зейнетақысын көтерсін мұғалім мұғалім деп зарлады да қалды үйдің жанында тұрады мұғалім. Мен оны мұғалімге санамаймын. Псих ненормальная.

Мұрат

Неге олай дейсіздер ?! Сонда балаңыздың сауатсыз болуына жалғыз мұғалімдер кінәлі ме? Ал, баласын үйден бақыламай ата - аналар қайда қарап отыр?! Білімді мұғалімдер бар, жоқ емес. Білімі жағынан білімді, кәсіби шеберлігі жағынан мықты бір - бірінен асып түсетін ұстаздар бар. Балаңыз алып отырған бағаға лайық болмаса кінәні өзіңізден іздеңіз!қшықтықтан оқытуда өз баларына әрең шыдап, олардың сабағын мүлдем бақыламаған ата - аналар да жетерлік.Төтенше жағдай кезінде ұстаздар қауымы балаларымыздың білімі алу процесі үзілмесін деп барын салып жұмыс жасады. Ұстаздарға көп рақмет! Құрметті ата - аналар , ауыз менікі деп ауызға не келсе соны бей берекет сөйлемей , ойланып сөйлейік. Ертең қыркүйек айында сол ұстаздардың алдына балларыңызды қайта апарасыздар. Жалғыз мұғалім 25-30 оқушымен жалғыз өзі жұмыс жасайды, өздеріңізді осы мұғалімнің орнына қоя біліңіздер. Ұстаздарымыз аман болсын!

сауле

Карсы емеспин ..ал мугалим тусиндиру керек деиди билимсиз калып жатыр деиды Мугалим барлык окушыга тусиндиретин шыгар Бирак барине сурап улгермеиди Мугалим тусиндирди деиык уйге келгенсон каитадан окуын окытасыз Бир жагынан балан коз алдында журеди....

әділхан

мұғалімдердің сауаттылығы олардың электронды күнделік толтыруға, баға қоюға қарсылығында бірден білінді, өйткені олардың білім деңгейі, жаңа заманның талаптарына сауаттылықтары жетпейді.Көп мектептерде мұғалімдердің орнына мектеп программистері жұмыс жасайды,Күнделікті толтыра алмайтын мұғалімнен қандай ізденіс пен жаңашылдық шығады.Мектепте жүрген соң көресің олардың білім деңгейлерін.Мұғалімдердің дені қазір өздері арызқой,жылауық болып алған.Қит етсе бізді өлтіріп жатыр деп шулап шыға келеді.Ешқандай мәдениеттілік жоқ оларда.Сенбілікке шықса тақтарынан түсіп өліп қалатындай.Астанада әкім болып тұрғанда Тасмағамбетовке мұғалімдердің тамыз мәслихатында біз неге сенбілікке шығамыз дегенде,Иманғали ағамыз қашан мәдениеттерің жетіп қоқыс тастауды қоясыңдар сол кезде сенбілікке шығуды да қоясыңдар деп жауап беріп еді.Одан бері ешнәрсе өзгерген жоқ қоқыс та сол күйі шашылып жатыр.Мұғалім де сол күйі,солардың санасы жетпеген жерге қалған жұрттың санасы қалай жетсін.Міне біздегі мұғалімдердің сиқы.

Галымжан

Жазылған пікірлерді оқып Сіздердің кінәні тек мұғалімге артып қойғандарыңыз өте орынсыз екенін айтқым келеді. Бұлай деуге себеп қоғамда өте сауатты, өз кәсібін жақсы көретін мұғалімдер жетерлік. Тек оларға қолдау көрсетудің орнына өздері топас бола тұра өзгені білімсіз деп санайтын, шындап келгенде баласына түкті де үйрете алмайтын надан ата-аналар өте көбейіп кеткен. Ата-ана баланың санасына: "Мұғаліміңнің өзі білмейді", "Дипломды сатып алған", "Жұмысқа ақшамен кірген" - т.с.с. сөздерді құйып қойғандықтан, бала мұғалімді сыйлайды ма? Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе мынау "Жаңартылған біліім беру мазмұны" елдің болашағын бұлыңғыр ететін, халықты жаппай топастыққа апаратын бірден-бір жол. Бұл жүйені түбімен құрту керек. Мұғалімнің уақыты түкке керексіз "kundelik.kz" порталын толтырумен кетіп жатыр. Яғни біреудің қалтасының қалыңдауы үшін жұмыс жасауда. Білім жүйесінде тұрақсыз реформа орын алған сайын, елдің білім деңгейі төмендей береді, төмендей береді. Бұл жерде кінәлі тек мұғалім емес. Мұғалім - бұтақ, оқушы - жапырақ болса, Реформа жасағыш министрлік сол ағаштың - тамыры. Бұдан қорытынды, тамыры бір жерге нақты отырмай, бұтақ та, сол бұтақтың сәнін кіргізетін жапырақ та ешқашан көгермейді.

Манат

Мұғалім ата-ана болса түсінеді мен өзім мұгалім болып істеймін,бірақ қиыны қиын жұмыс жұмыс қиын емес ата-ана қиын мектепке келсе кеудеңнен қағып кете жаздайды кейде базарда,тойларда кездесіп қалсаң кеудесін көтеріп менсінбей тұрады ойбай пәленше деген мұғалім бе түгенше ме айтатындары жабайы сөздер,ал мектепте директор кім болса соны жұмысқа қабылдай береді менің анық көзімнің жеткені директорға білім сапасы емес қалтасы көбірек толғантады.Үй салсам,фазенданы толтырсам,баламды оқуға түсірсем,машина алсам оны қайта сатсам толып жатқан проблемасы қайталап айтамын осыны оқитындар не күледі не рас нәрсе дер директорға білім сапасы емес қалтасы толса болды.Мектепке жұмысқа кіретіндер ары кеткенде 300 мыңсыз кіре алмайды одан кейін әр метод кезекте тұрады 8 марты,туған күні,мұғалімдер күні директор мен завуч оларға дұрыс қараса болды,тіпті 2 жыл жұмыс істей салып мен өсуім керек деп шығатындар бар өсіп қайда барады азар болса директор шығар директор пайдасы бар қызмет екен ғой кім білген жас кезімізде педагогика сатылмайтын пән басқа сатылсада деп түсіндіретін педагогикадан сабақ беретін марқұм Бақшилов,Қоянбаев,Несіпбаева ағайларымыз бен апайларымыз болып еді шіркін ай шын білімді сол кісілерден алдық қой 4 жыл платныйда оқып келіп мен директор болғым келеді дегеніне күйіп кетемін кешегі күні неге балалар урнаға тастай салған аттестатты көрсетіп жатыр барлық жерде мүмкін хайп шығар балаларға обал жасамайық үкімет көмекті аяп жатқан жоқ қой білімді,тәрбиелі,Қазақстанды көркейтетін жастарды дайындасын деп тұңғыш Президентіміз туралы да неше түрліні интернетке жазады соны жазатындар үлкен адамдар оларда балада қызда өсіріп жатыр ғой,ал біз ол кісінің есімін тарихта оқытамыз ғой басқаны жоғалтсақ та адам бойындағы кісілікті жоғалтпайық. Өмірге адам болып келіп адам боп кету керек,ал мұғалім де адам темір емес қой түсіну керек.

Манат

Дұоыс айтасыз мұғалімнің беделін кім көтереді ата-ана жақсы пікірлер айту керек,бірақ бәрібір (бірақ)деген сөз қалмайды. Ешкімнің көңілі толмайды ұстазға деген,өйткені мұғалім баламен жұмыс істегеннен гөрі уақытын күнделік кз. көп увқыт жұмсайды.

Ақжан

Балалар үйден қадағаланбайды, кеше өтілген тақырыпты бүгін сұрасаң білмейді. 10мин уақыт бөлсеңіз жетеді ғой күніге. Сосын шығады "балам оқымайды, мұғалімдері ештеңе үйретпейді" деп.Ата-ана да балаға жауапты ғой.

Айсұлу

Ата-аналар карантин кезінде ғана балаларына қарады сонда ғана баласының қаншалықты сауатсыз екенін білді,ертерек баласына үй тапсырмасына көмектессе мұндай болмас еді,енді келіп мұғалім туралы сөйлеп отыр,мұғалімнің еңбегі күшті әр бала үшін жанын беріп оқытады,ал үйде ата-ана қадағаламайды сауатсыз бала содан шығады,қайта мұғалімнің айлығын 2-3 есе көбейту керек.

Жанар

"Байдың асын байғұс қызғаныпты " деген мақал бар ғой қазақта.Әлі берілмеген,әлі қосылмаған ақшаны жыр қылып жатыр ма ата-аналар.

Жанар

"Байдың асын байқұс қызғаныпты" деген мақал бар ғой қазақта.Әлі берілмеген,әлі қосылмаған ақшаны жыр қылып айтып жатыр ма ата-аналар

Myrza

Өте керемет

Баха

Мұғалім болып шыдамдылық жинап көріңдер мектепке келіп көремін сонда өнерлеріңді.Еңбекақымызда жұмыстарың болмасын.Берсе мемлекет беріп жатыр.

Ләззәт

Жұмысына махаббатпен және жауапкершілікпен қараса мұғалім. Қолындағы окушының үй-іші жағдайына да қанық болса-- неге ақшасын көбейтпеске сол бағытта жұмыс жасаса.

Нұрлыбек

Ата ана мұғалімнен бұрын балаға жауапты екенін түсініп сезіну керек мұндай келеңсіз пікір айтпас бұрын. Жоқ деп айталмаймын бірақ өте аз балсаынан үйге не тапсырма берді деп сұрайтын атана. Бес саусақ бірдей емес əрине мұғалімдері де ақтап отырғаным жоқ, бірақ көпке топырақ шашудың керегі жоқ сауатсыз деп. Сондықтан орынсыз пікір айтудан аулақ болайық ағайын, сол ұстаздан барлығымыз тəлім тəрбие білім алып шықтық ойланайық. Бұл қиындықтан да аман есен өтерміз алла қаласа, келер күннен үміт күтіп ойымызды жақсы істерге бағыттайық, бір бірімізді бағалайық құрметтейік ағайын.

Аисауле

Оңбаған ата аналар жап жас болып өз балаларына сауат бере алмайды уиде оқыта алмайды тәрбиелеу алмайды өз баласына жаны ашымаиды атаңа нәлет.Өзің мұғалім болып көрші өзгенің дым блмитн баласын басынан бастап жаздырып уиретеді сені де бір устаз мұрныңнан сүиреп адам қылған жоқпа.Рахмет ұстаздарға каншама тер төгіп сауаттарн аша адам катарна косып бергеніне мың алғыс .еңбектері адал.каита 3-4есе көбеитк кекрек

Айымжан

Мен айтып отырмын ғой енді мұғалімнің жалақысы көтеріліп еді мұғалім келін іздейтін болды әсіресе сол ауылда өмір бойына қалады ғой қазір мектеп жаңа жалақы көп жас маман алатын жеңілдіктер бар үй дайын балаларға қандай білім беріліп жатыр кім тексеріп жатыр оны қазір естіп отырсыңдар ғой ақпарат құралдарынан Жамбыл облысында он бес жастағы бала кімнің қолынан қаза тапты өзімен қатар балалардың қолынан неге қатігез болып кетті ата ананыкі дұрыс олар мектепке сеніп алған мектеп баланы оқытады,тәрбие,тәртіпке үйретеді деп. Бала мектеп қабырғасында оқып жүріп те тоғызыншы сыныпты аяқтай салада бұзақылыққа ұрынып жатады.Бесіктен белі шықпай жатып.Тоғызыншы сыныпты біткен соң мектептен қуа бастайды 11 сыныпқа жібермейміз деп тест тапсыра алмайсың деп содан кейін балалардың ұнжырғасы түсіп шыға келеді. Қайдам осы директор мен завуч екеуіде жұпыны боп жүреді де бір-екі жылда қарындары шығып,үй сала бастайды,машина жиһаз киім таңдап естері ауып қалады. Өздерінше мұрындары тыжырынып кей мұғалімдерді менсініңкіремей кей мұғалімдерді іш тартып сырласып,мұңдасып шала бүлінеді де қалады.Негізінде бала оқып отырған сынып тыныштықта сабақта ешкім кедергі жасамайтындай мұғалімнің сабағын тыңдап отырса бала көп нәрсеге үйренеді. Салмақты тиянақты оқушылар қайдан шығады? Қиын оқушы қайдан шығады? Бәрі оқушымен ерегісіп қолын қалтасына салып алып сабағын жоспарсыз жетік білмейтін мұғалімдер жетеді.Ата-ананың кейде шырылдайтынындай бар оқушы есеп шығара алмаса, ағылшынды таза оқи алмаса, жаттауды жаттай алмаса,сабақты менің орныма бәленше өткізе тұрсыншы деп тастай салса,ерте келсе анасы сұрайды ғой кімдікі болды кімдікі болған жоқ немесе жиналыс болғанда барып айтуға тура келеді.Үкімет мұғалім жалақысын көбейтсе мұғалімнің отбасы бар асырау керек.Сол жетіп жатса.

Аружан

Мұғалімдердің ішінде де бес саусақ бірдей емес бар. Баламнан сұрамасам да айтып келеді есепті аяқ жағын шығара алмаса естімегенсіп өшіре салады жаңа келген апай дейді,тіпті бір күні медосмотрға барсам ағылшынның мұғалімі жас келіншек сабвғыма завуч кірді менің сабағымды ағылшынша түсінбейді мені күшті өткізіп жатыр деп ойлады мен 5 сыныптың тапсырмасын алдым да 9 сыныпқа өтірік өтірік өткіздім дейді.Күлесіңбё жылайсыңба осындай жағдай физика пәні мұғалімінен де естігенмін. Құрметті ұстаздар біздің міндетіміз алдымызда отырған оқушыға тәрбие,білім беру. Оның ата-анасы қарапайым ба.сот па үлкен қызметтеме керемет рестораны барма? ол ешкімге қызық емес.Біздің міндетіміз баланың дұрыс ақылды,білімді жасы үлкенді сыйлай білетін,кемсіту,өзін жоғары санайтын өркеуде оқушыны дайындау емес. Кейде мұғалімдердің ішіндеде сондай мысы басып тұратын ішкен жегенін,қонаққа барғанын, қандай байдың үйінде қонақта болғанын айтып шежіредей маңырап отыратындар бар сондай жағымсыз типтер. Директорда көпшілік мұғалімдер арасында кейбір мұғалімге комплимент айтса мысалы ата-енесін танимын жақсы адамдар десе бітті әлгі мұғалім дандайсып кетеді танымай қаласың сол сияқты ғой өмірден алынып отыр мұның бәрі осындайларды жазуға мәжбүр болып отырмын кей директорлар неге отырып алады осы кетпей орындарынан келген директорлар да жетісіп тұрған жоқ тура анау сияқты қай жерден жесем деп. Содан кейін осы тарификацияға неге мұғалімдер ақша жинай береді? Ол тарификацияға жинау міндетті ме? Білгім келеді.Ешкім естімесін деп қойып талай жинадық қой. Шіркін ай!

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×