2016 жылдың қаңтарынан бастап, барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінде мұғалімдердің айлығы көбейді. Бұл өте қуантарлық жайт, себебі, ұстаз үлесі тым ауыр. Дегенмен, теңгенің құнсыздануына байланысты, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасының тым өсуі, көңілге кірбің ұялаттырады. Бастысы, жалақының көтерілуін ұстаздар қауымы сезінсе екен. Сонымен, барлық қызметкерлерді қоса алатын болсақ, жалақы 27%-ға өседі. Ал, педагог қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 44%-ға артады.
«Соның ішінде, білімі жоғары және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы 66%-ға, білімі жоғары, І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 51%-ға, орташа білімді және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы 64%-ға және І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 43%-ға артады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен шамамен 200 млрд теңге бөліну жоспарлануда.

Жақсы жаңалық!
Продуктынын барлыгы котериледи
ұзағынан сүйіндірсін. Әумин!
Орта білімді, санатсыз мұғалімдерге қосылама?
хим.лаборанттардың жалақылары көтеріле ме?
Дәптер тексеруге, бірлестік жетекшілерге төленетін төлем алынып тасталса, ақшаның көбейгені қайсы ? Түсініксіз жай Кім ақысыз жұмыс атқарады ?
Дәптер тексеру,Бірлестік жетекшісіне төленетін төлем алынып тасталса ақшамыз көбеймей қайта азаймай ма?
Акша көбейді деген атақ 50-60% көтерілді деген қағаз жүзінен көрінгенімен, іс жүзінде көре алмадық.
Бирлестикке толенбегесин маган ягни жас маманга жуктеп койды. Мен озим али багытталмаганмын. Ал баскалар бирлестик жумысын истегиси келмей алган жок ешким
Бундай каркынмен жумыс журмейди типти