Оқыту үрдісінде соңғы жылдары ене бастаған оқытудың жаңа технологиялары халыққа білім беру қызметкерлері тарапынан оң бағасын алуда.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп -өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту процесін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс- тәсілдің ара- жігін ажырату да, қарапайым мұғалім үшін қиын болып жатады.
Дәл қазір адамның ақыл -ойы, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушыларға білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі жаңарту процестерін қызу қолдап, жаңалықтарды да жылдам қабылдап, тәжірибеде оларды қолдануда үлкен белсенділік танытуда.
1-4 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарының мектеп тәжірибесіне, оқуға толық енгізілуі олардың сапалық көрсеткішінің айғағы бола алады. Республика мұғалімдері оларға орынды баға беруде. Мысалы: дүниетану оқулығы (К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағанбетов, Қ. Жүкешова, И.Нұғманова) және 2-сыныптың ана тілі оқулығы (С.Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қатабаеват. б.) тың тұрпатта, жаңа мазмұнда құрылып, онда орын алған шығармаларда халқымыздың әдет -ғұрпы, салт- дәстүрі, қазақ жерінің сұлу, кең байтақ табиғаты, төрт түлігі мен ата кәсібі, асыл ұлдарының еңбегі мен қызметі, балалық бал дәуреннің қызығы мен қуанышы көрініс тауып, оқушыларымызды елі мен жерін сүюге, отанын мақтан етуге тәрбиелеуде. Оқулықтың әдістемелік аппараты дамытушылық оқытуды жүзеге асыру міндетіне сәйкес құрылғанын атауға болады. Мысалы: оларда мына үлгідегі тапсырмалар орын алған:
1. мәтіннен кейіпкер, автор сөздерін тауып оқу;
2. кейіпкерге берілген мінездемені, түр -тұлғасын сипаттаған жолдарды тауып оқу;
3. табиғат құбылысы суреттелген жолдарды тауып оқу;
4. мәтіннен нақыл сөздер мен мақал -мәтелдерді тауып оқу;
Математика 1-4 сынып (Т.Оспанов, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешова, Ш.Х.Құрманалина) авторлығымен жазылған оқулық дамыта оқыту идеясына құрылғанын. Әрбір беттің материалын төрт бағытта пайдалануға болады.
1. Бұрын өтілген материалды жүйелі тиянақтауға;
2. Білім мен дағдыны қалыптастыруға;
3. Жаңа тақырыпты меңгеруге;
4. Пысықтауға.
Оқулықта жаңа ұғымдарға анықтама беріліп, қызыл түспен жазылып ерекшеленген. Бұл да байқау оқулығының жаңалығы. Мысалы: көп таңбалы сандарды оқып жазуды олардың жазылу, оқылу ретін түсінікті сөздермен анықтама ретінде бере білген.
— Барлық оқулықтарда пәнаралық байланыс та іске асырылған, білім мазмұны мемлекеттік стандартқа сай құрастырылған.
— Жаңа буын оқу- әдістемелік кешендерінің басты ерекшеліктері:
— Бастауыш сыныптардың бағдарламаларының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
— Бағдарламаларда пәннің мақсаты мен міндеттерінің нақтылануы;
— Оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың берілуі;
— Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұны дамыта және кіріктіре оқытуға құрылуы;
Жаңа буын оқулықтарының барлығы да алдына үш мақсат қойып отыр. Білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттың қай- қайсысы болса да, оқушының жеке басына бағыттаушылық ұстанымы тұрғысынан алғанда өзіндік міндетін атқаратыны белгілі. Бүгінде жаңа буын оқулығының дамыта оқыту идеясына құрылғанын ескерсек, мұның өзі мұғалімдердің сабақты оқушының жеке басын дамытуға, танымдылық белсенді іс- әрекетті, шығармашылық іс әрекетке ұштастыруды қажет етеді.
Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушының танымдық қызығушылығын оятып, оның шығармашылық іс- әрекетін дамытуға жете көңіл бөлінбейтіні белгілі болды. Оған зерттеу тақырыбымызға байланысты жүргізген жұмыс барысында көз жеткіздік.
Зерттеу тақырыбымыз бойынша бастауыш сыныптың ана тілі, дүниетану, математика т.б. сабақтарына қатысып талдау жасадық. Алдымен бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің білімі, стажы, санатын анықтадық. Одан кейін тәжірибелік эксперимент пен бақылау эксперименті жүргізілетін сыныптарды белгіледік және сол сыныптардың жылдық оқу жоспарымен таныстық. Белгіленген сыныптардың мұғалімдерінің оқытудың жаңа технологиясын сабақта пайдалану мүмкіндігін анықтадық. Бастауыш сыныптардың оқу әдістемелік кешендерін талдай келе көптеген пәндерден оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытуға бағытталған деңгейлік тапсырмалардың берілгенін атап өткіміз келеді. Оқушылардың шығармашылық іс- әрекеті туралы айтқанда таным әрекетіне соқпай өте алмаймыз. Ол таным әрекеті оқу процесінде яғни сабақта өтеді. Әрине танымдық іс -әрекетті шығармашылық іс- әрекетке ұштастыру үшін екі жақты белсенділік қажет. Ондай жағдай да оқушының материалды терең игеруі мұғалімнің ғана шығармашылық белсенділігіне ғана байланысты емес, ол оқушылардың танымдық мүмкіндігі мен қабілетіне де байланысты. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сабақты ұйымдастыруда үнемі жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіріп отыруы керек. Атап айтсақ:
— Мұғалім бүгінгі таңда оқытудың негізіне алынатын дамыта оқыту идеясын, оның қағидаларын оқу- тәрбие үрдісінде қолдану әдістемесін жете игеруі;
— Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны оқу тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалана білуі ;
— Оқушылардың өздігінен дамуына қажетті моральдық психологиялық ахуал туғызуы;
— Мұғалімдер шығармашылық белсенділікті барынша дамыта білуі;
Сонда ғана мұғалім оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын жүргізе алады. Ол үшін мұғалім шығармашылық тапсырмалар, шығармашылық ойындар, проблемалық жағдаяттар туғызып, сабақты жаңаша дәстүрден тыс ұйымдастыра білген жөн. Мұндай шығармашылық тапсырмалар мен ойындар бір жағынан балалардың интеллектісін дамытса, екінші жағынан шығармашылық танымдық жеке бастың қасиеттерін қалыптастырады, үшіншіден балалардың оқу үлгерімін жоғарылатады деп санаймыз. Дегенмен, бақылау сыныптарында қатысқан сабақтар көрсеткендей зерттеу тақырыбымыз бойынша тәжірибелік эксперимент Алматы қаласының Алмалы ауданына қарасты №136 М.Дулатов атындағы орта мектепте және Алматы облысы Талғар ауданына қарасты №16 орта мектепте жүргізілді. Оған аталмыш екі мектептен 112 бала қатысты.
Сөзіміз дәлелді болу үшін анықтау экспериментінде бастауыш сыныптарда ана тілі, дүниетану, математика пәндерінен өткен сабақтарда мұғалім оқулықтарда берілген тапсырмаларды орындатумен ғана шектелді. Кейбір жағдайларда мұғалімдер оқулықтарда берілген тапсырмаларға да мән бермейтіні байқалды. Бұдан мұғалімдердің әлі де болса, дәстүрлі сабақ берумен ғана шектеліп, өздіктерінен ізденіп, оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін дамытуға күш салмай отырғанын айқын көруге болады. Осы жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, біз арнайы зерттеу тақырыбымыз бойынша жүйеленген материалдар негізінде тәжірибелік экспериментке сабақ жоспарларының үлгісін, яғни дәстүрден тыс оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып ұйымдастырылатын сабақ үлгілерін ұсындық. Мұғалім мен оқушылардың белсенділігін арттыратын оқуға деген олардың қызығушылығын оятатын, шығармашылық іс -әрекетке ынталандыратындай ізденісте құрылған сабақ жоспарлары әзірленді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі