Өлеңдер Бөлімі

Cәлем Қапшағай: Мақтааралдық оқушыларды қабылдау кезі

Өздеріңіз білетіндей, техногендік апаттан зардап шеккен Мақтаарал елінің оқушылары каникулын тиімді ұйымдастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Республикадағы белді оқу-сауықтыру лагерінің бірі, Қапшағайдағы «Балдәурен-Қапшағайды» бетке алып, 250 бала жолға шыққан болатын.

Жолдың шалғайлығына мойымай, еш қиындықсыз жеткен балалар қуанышында шек жоқ. Мұнда да карантиннің барлық талаптары сақталып, жеткіншектерді біртіндеп қабылдап, орынжайларына жайғастырып алды.

Бұл «Қапшағай-Балдәуренге» келетін 706 оқушының алғашқы 250 оқушысы, 15 күн баптап, күтіп, көрген қиындықтарын ұмытуға көмектесетін өміріндегі ең қуанышты сәттірі боларына сенеміз. #Біз_біргеміз!

Азамат Оспанов


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×