Өлең, жыр, ақындар

Мақтааралдық балдырғандар арман аралында

Шымкент РОСО «Балдәурен»
Түркістан облысы Химия пәні мұғалімі
Кенжекараев Алмат Тазабекович

Карантин жағдайында орын алған Мақтааралдағы су тасқыны оқиғасы әрбір Қазақстандыққа ауыр тиді. Осы секілді жағдай кез келген Қазақстандықтардың басына келу мүмкін екенін еліміздің азаматтары терең түсінді. Оның дәлелі еліміздің түпкір-түкпірінен материалдық һәм рухани қолдау көрсету мақсатында ерікті топтар жасақталды. Су астында қалған үйлердің орнына жаңадан үй салу үшін мемлекеттік қордан көлемді қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Құрылыс бітіп, тұрғындар өз үйлеріне оралғанша, оқушыларға оқу лагерьлеріне жолдама беріліп, сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Балдәурен-Қапшағай РОСО 252 оқушы, Балдәурен-Шымкент 196 оқушы қабылдап ауысым іс-шараларын бастап кетті.

Балдәурен-Шымкент он сегізінші мамыр күні оқушыларды қабылдап, медициналық тексеруден өткізді. Бағымызға орай барлық оқушылар тексеруден  таза деп табылды.

Алланың әрбір ісін жақсылыққа балаған халқымыз, сол күні нөсер жауын жауып тұрды. Әріптестерім бұл жауынды нұрға балап ауысымның қызықты өтуі үшін тілек тіледі. Оқушылардың келген күні жүздерінен мұң байқалып, ата-аналарының қасынан, туған жерінен жыраққа шықпағандықтан кейбір оқушылар үйлерін сағынып жылаумен болды. Ауысымның екінші күні олардың жүздерінен шаттық лебі есе бастады. Әрине бұған ұйымдастырушы ұстаздардың еңбегі зор. Осылай бір күні екінші күнге ұқсамай Мақтааралдық Балдырғандардың лагерьдегі ғажайып өмірі өтіп жатты. 

Осындай көріністерден алған әсерін зор тебіреніспен жеткізген Балдәурен-Шымкент РОСО филиялының директоры Босымбаев Дәурен Әбдікәрімұлы оқушыларға сөйлеген сөзінде: Сіздер келген күні қазіргіден мүлде басқа көрініске куә болдым. Маған сіздерді осы күйге жеткізу өте қиын көрініп еді, бірақ қазір жүздеріңіздегі шынайы шаттықты көріп таңданысымды жасыра алмай отырмын. Сіздер еліміздің жарқын болашағысыздар, осындай жарқын кейіптеріңізден танбауға шын жүректен тілектеспін. деп ізгі тілек-лебізін жолдады. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриотизмді, адалдықты сіңіре білген Балдәурендік мұғалім ұстаздардың, тәлімгер ұстаздардың, бөлім басшыларының еңбегі зор.

Мақтааралдық отандастар барша Балдәурен ұжымы сіздермен бірге!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз