Өлең, жыр, ақындар

Павлодарда әдістемелік қызметтің тиімділігі талқыланды

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында Жас әдіскер мектебінің жұмысы жалғасын тапты.

Оқу жылының аяқталу қарсаңында  жас мамандар болашақ білім беру жүйесі қандай болуы керек, ұстаз заманға сай болуы үшін не қажет, мектептегі онлайн-білім беру мүмкіндіктері туралы және дәстүрлі тамыз шараларына дайындық туралы сөйлесті.  Мектеп тыңдаушылары әдіскердің жұмыс жоспарын және жұмыс циклограммасын талқыға салды. Жас мамандарға еңбекті рационалды ұйымдастыру ұсынымдары және уақытты басқару жөніндегі кеңестер берілді. Кезекті «үй жұмысы» ретінде әдіскерлерге басқарушы  болу қабілетін бағалауға тест-практикум және «Сіздің өз-өзіңізді бағалау деңгейіңіз қандай?» кәсіби ширатуға арналған тесті берілді. Тыңдаушыларға ішінде талқыланған мәселелерге байланысты бейнероликтер, мақалалар, презентациялар, ұсынымдар бар үлестірме материалдардың электронды пакеті жолданды.

Нұрмат Бағдәулет


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз