Өлеңдер Бөлімі

Шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады — министр мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасын оқушыларға міндеттемеу туралы шешімге не себеп болғанын түсіндірді, мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы.

«Егер біз дәл қазіргі уақытта бұл шешімді қабылдасақ, ата-аналардың экономикалық жағдайын да ескеріп отырмыз. Қазір ата-аналардың біразы экономикалық қиындықты өткеріп жатқанын айтқандықтан, мектеп формасы қалтасына салмақ болып түсетіндіктен, біз дәл осы биылғы оқу жылында осындай шешімді қабылдадық. Уәкілетті орган ретінде биылғы оқу жылында мектеп формасын кию міндеттелмейтінін жария етсек, яғни министр ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алар болсам, онда биылғы оқу жылы — дәстүрлі болса да, қашықтан болса да бұл шешім күшінде болады», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің айтуына қарағанда егер биылғы оқу жылының басында немесе ортасында мектеп оқушылары дәстүрлі оқу сипатына оралса, мұғалімдер бәрібір де балалардан мектеп формасын киюді міндеттей алмайтынын жеткізді.

«Бұл шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады. Ал егер оқушылардың кейбірінде мектеп формасы болса, онда киюіне мархабат», — деді ол.

Еске сала кетсек Асхат Аймағамбетов Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін хабарлаған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (10)

Бексултан

Мен колдаймын

Алия

Өте дұрыс айттыңыз.

Оразкул

Өте тамаша халық жағдайына қарау керек

Оразкул

Халық жағдайына қарау керек

Myrza

керемет

Дулат

Керемет

Асем

Керемет, өте дұрыс

Нургали

Дұрыс аитасыз енді көп балалы отбасы ларға көмек берсе жақсы болар еді

Эльвира

өте дұрыс шешім, қолдаймыз

Элмира

Жоқ білмим

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×