Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсандағы сабақтарды қашықтан оқиды

Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басты басымдық — балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді.

«Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», — деді ол.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым, Цифрландыру министрліктері бойынша 1 қыркүйектен бастап орта мектептерде бірінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар