Өлең, жыр, ақындар

Ауруханадан шыққанымыз осы

Қарт кісі қасына 25 шамасындағы баласын ертіп, поезд вагонына мініп, өз орындарына жайғасты. Поездың орнынан қозғалғаны сол еді. Ол даладағы ауа ағымын сезінгісі келді ме ашық тұрған терезе көзінен қолын сыртқа шығарды. Кенет ол:

— Әке, көрдіңіз бе, барлық талдар артқа қарай жүріп бара жатыр! — деп таңырқай айқай салды. Әкесі баласына қарап жымиды да қойды. Олардың қастарына ерлі-зайыптылар жайғасқан болатын. Олар 25-тегі ересек азаматтың балаша соншалықты қуанғанына таңырқап қарап қалыпты. Біраздан соң жігіт:

— Әке, қараңызшы, жануарлар мен көлдер поездбен бірге жүріп келеді, — деп, тағы да қуана да таңырқай айқайлады.

Отырған ерлі-зайыптылар жігіттің оқыс қылықтарына үрке де үрейлене, жігітке, оның әкесіне кезек-кезек қарады. Бірақ әкесінің бетінен ешқандай қорқыныш байқалмады. Керісінше қарт әкенің баласына караған көздері мейірімге толы еді.

Бір уақытта жауған жаңбыр тамшылары жігіттің қолдарына тиіп жатты. Жігіт өзін бақытты сезінгені соншалық, көздерін тарс жұмып алып, тағы да айқайлады.

— Әке, жаңбыр жауып жатыр. Менің қолыма тамып жатыр, қараңызшы әке, көріп тұрсыз ба? 

Сырттай бақылап отырған ерлі-зайыптылар жандары ашыдыма, әлде көмектескілері келді ма, белгісіз. Қартқа қарап:

— Кешіріңіз әкей, неге балаңызды ауруханаға апарып, көрсетпейсіз? — деп сұрады.

Еш нәрсе түсіне алмай, көздері шарасынан шыққан екеуге қарт әке былай деп жауап қатты: 

— Біздің сол ауруханадан шыққанымыз осы. Менің балама бірінші рет көз жанары оралды, — деп көзіне жас алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Myrza

Өте керемет!

абдразақ амина

білмеймін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз