Өлең, жыр, ақындар

Отандық ғалым-химиктердің коронавирусқа қарсы күрес аясындағы ғылыми жетістігі

COVID-19 пандемиясы адам өмірінің бірінші орында екендігін қайта дәлелдеп бергендей. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химик-ғалымдары пандемия басталуымен тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолға алған-ды. Атқарылған еңбек елеусіз қалмай, биылғы жазда ҚазҰУ-і Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Дүниежүзілік Ислам ұйымының (ISESCO) грантын жеңіп алғаны мәлімделді (https://www.inform.kz/ru/kaznu-isesko-sovmestnaya-rabota-v-bor-be-s-covid-19_a3672990).

Аталмыш грант коронавирусқа қарсы бағытталған жобаны іске асыруға көмегін тигізбек. Нақты айтқанда, университет ғалымдары вирусқа қарсы дезинфекциялау өнімдері мен антисептиктердің жаңа әрі әмбебап түрін ойлап тапты.  Нәтижесінде жаңа антисептик өнімдері медициналық және тұрмыстық мақсатта бірдей қолдануға рұқсат етілген  сапалы әрі тиімді өнім болып шықпақ. Сонымен қатар, бұл өнім толықтай отандық шикізаттан жасалынбақ, осы себепті де оның бағасы ұқсас өнімдерден әлдеқайда төмен болады деп күтілуде. Сөйтіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әрдайым ғылыми инновациялар мен тың ойлардың орталығына айналғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді.  

Н. Нұртазина әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры

 Ж. Әкімбек 1-курс магистранты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз