Өлең, жыр, ақындар

Неге бәрі мұз?

Күнделікті күйбең тіршілік, біреу жұмысқа, енді екіншісі оқуға немесе тағы да басқа жерге асығып бара жатқан адамдарды күнде көреміз. Таңертен автобусқа отырған кезде, асығыстықпен байқамай біреудін аяғын мыжып,қағып кетіп "кешір" - деп өтіп кететін жандарды жиі көремін. Бүгін түртіп қалсан болды, адамдар жұдырық ала жүгiруге, қабағының астымен үрлана қарап бірін-бірі жеп қойуға дайын. Көшеде ойнап-күліп жүретін адамдар сирек. Құлағыңа құлаққап киіп, көшеде ыңылдап ән салып бара жатқан жасөспiрiмді көрген біреу-міреу ысқылық қағып күлуге дайын тұрады. Адамдар тым ашуланшақ,мұз секілді қатып қалған, қатты мұзды жұдырықпен қанша ұрсан да, мұз сынбайды,тек қана ұрған жұдырығымызды жарақаттаймыз. Ал күн ысыған кезде қатты мұз, біртіндеп суға айланып еріп кетеді. Кейде жанымызға жақын жандармен сөзге келіспей,мұз секілді қатып,маңғазданып кешірім сұрай алмайтың кездер де болады. Жүрген жерімізде күліп,айналамызға күн нұрындай шуақ шашып жүрсек,жүрегіміз жылып, мұзымыз еріп кететін шығар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз