Корейская косметика премиум класса

Латын графикасына көшу - заман талабы

Адам баласының үмітке толы өміріне нәр беріп тұрған үш күре тамыр бар. Олар: Кеше, Бүгін және Болашақ деп аталады. Бұл үшеуі бірігіп тарихты құрайды. Тарих ешкімнің еншісі еместігі сөзсіз. Бізді ХХI – ғасырдың жаһандану картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт ретінде, әлем мәдени жетістіктерімізбен тануы ләзім.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында былай деп жазады: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Тарих сілемдері шайқалған кезде оның тор көзінен ездері түсіп ересендері қалатыны сынды заман талабына сай латын қарыпінің қолданысқа енгізілуі құптарлық іс.  Мұның астарында бүкіл түркі халықтарының ішінінен ғылымға ерте бет бұрған қазақ халқын өзге туыстас халықтарға үлгі етіп, түркі әлемінің ұйтқысына айналдыру идеясы жатыр. Әлемдік ақпарат кеңістігі, осы әліпбимен тығыз байланысты болғандықтан, бүкіл дүниежүзі халықтары осы латын әліпбиін қолданады. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»- деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, өркениетті елдің өрістеуіне һәм көкжиегінің кеңейуі алдыңғы озық елдерінің қатарына енуі үшін ең алдымен жаһандану заманының талабына сайлылық қажеттілігі бесенеден белгілі. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек?

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады…

Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса керекті.

Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады.

Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

Нүсіпәлі Тұрарбек Сержанұлы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы. «Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымдастырушысы


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×