Өлең, жыр, ақындар

Дарасы мен данасы қатар жүрген білім ордасы...

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

85-жылдық тарихы бар Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті талай тұлғаларды түлеп ұшырған білім ордасы.

Ол жерде білім алған жандар үлкен өмірде болашақтарына нық қадам басып, өз салаларының жетекшісіне айналып, білгір де, іскер маманы болады дегенге һәм сеніммен айта аламын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг. kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41, 7 пайыз жинап, 5-орында тұр. Әлем бойынша үздік универтитеттер тізімі бойынша 2019 жылы 165 орында тұр. ТМД мемлекеттері бойынша МГУ атындағы Ломоносов университетінен кейін 2 орынға жайғасты.

ТАРИХЫ

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.

1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды. 1934 жылы университет негізі қалағаннан бастап осы уақытқа дейін 11 ректор ауысқан екен. 2010 жылдан бастап Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы ректорлық қызметін атқарып келеді.

Бүгінгі жағдайы

Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.

Әлем сандық ақпараттар ағымымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни, IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі барлығы технологиямен тығыз байланыста болады.

Біздің мамандық:

IT саласы бойынша білім алушылар саны артып жатыр. Сәйкесінше, бәсекелестер қатары да көбеюде. Солардың арасынан озып шығып, сұранысы жоғары маман иесі болу үшін бүгіннен бастап нені меңгерген дұрыс?

Маңызды қасиеттері

Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себептен, өзін-өзі оқыту ең басты касиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе, бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.

Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.

Қайда оқуға болады?

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ия дәл осы мамандықты ең жоғарғы, сапалы университетте оқыған жөн.
Әль-Фараби университеті ғасырға тең тарихы бар, ғылым мен білімнің, зор мүмкіншіліктердің ұштасқан мекені. Дәл осы себепті менің таңдауым осы университетке түсті, әрине IT_ мамандығы бойынша.

Менің ойымша болашағын цифрлы Қазақстан ретінде есептететін еліміздің алға жылжуы үшін IT-мамандығы өте қажетті және осы мамандықты меңгерген мамандар ауадай қажет. Себебі қазіргі таңдада, болашақта Қазақ елі программалық жүйеде жұмыс жасайды. Қазіргі таңда еліміздегі ақуалға байланысты түрліше деңгейде жастарымыз қашықтықтан білім алып жатыр. Бұл ретте білім беру  онлайн жүйеде жүріп жатқандықтан жастарымыз праграммалық түрде жұмыс жасап жатыр. Болашақтада осылай болуы айқын, IT -маманы болуы бұл еліміздің жоғарғы мәнге, сапаға ие болуымен байланысты. Еліміз үшін мұғалім, дәрігер мамандықтары ауадай қажет болса, IT-мамандығыда осы жүйеге енеді деп ойлаймыз. Ең алдымен бұл мамандық еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуына, екіншіден сандық жүйеге қосылуымызға, үшіншіден жастардың жүйелі түрде жұмыс жасауына, төртіншіден еліміздің экономикасымен тұрмыс жағдайына әсер етеді.

Біз яғни IT -мамандары Қазақстан мемлекетіне қандай пайдамыз тиеді?

Әлем сандық ақпараттар ағымымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни, IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі барлығы технологиямен тығыз байланыста болады.

IT саласы бойынша білім алушылар саны артып жатыр. Сәйкесінше, бәсекелестер қатары да көбеюде. Солардың арасынан озып шығып, сұранысы жоғары маман иесі болу үшін бүгіннен бастап нені меңгерген дұрыс?  Ия, қазірден осы мамандықты оқып оны жауапкершілікпен меңгеру біз үшін өте маңызды, себебі Болашақ жастар қолында яғни біз бен сізге байланысты. Ия, мен болашаққа сенгендіктен осы мамандықты таңдадым, болашақ ағымымен жүзіп отырып біз дегенімізге жетеміз. Жүйелі түрде жүйелі жерге жету үшін нақты қадам қажет, IT-мамандығын таңдауда керемет жүйелі қадам деп ойлаймын. Жастардың көпшілігі программалық, технологиялық бағытты таңдаса, Қазақ көші ілгері жүреді деп ойлаймын. Болашақта бұл бағытта жастар көптеп көбейеді, неге ?не себепті? деген сұраққа жауап бере кетсек, себеп бұл Қазақстанның жәй жәй ақпараттық-технологиялық бағытқа бұрылуы деп есептейміз. Бұл дегеніміз сізбен бізді ақпарттық, сандық жүйе күтіп тұр дегеніміз.

БОЛАШАҚ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДЫ, дамыту оны өркендету де өз қолымызда сол себепті әрбір жас өз таңдауын жасау керек.

Мамандық ол адам үшін ең маңызды дүние, ал IT-мамандығын таңдау оданда маңызды, қызық әрі жауапкершілігі басым мамандық.
ҮЗДІК МАМАН ИЕСІ, ҮЗДІК ОҚУ ОРНЫНДА - ол әрине Әль -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті.                     

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақстан тарихы кафедрасының доценті Т. Ғ. К Жұмаділ Махаббат Тоқтарқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер