Өлең, жыр, ақындар

Қоғамның үні, қоғамның көзі

Журналистика – ғылым. Журналистика – тарих. Зерттеушілер журналистика тарихын тас дәуірінен басталатынын алға тартады. Жалпы, “журналистика” деген ұғымды естіген халық, ол неден бастау алады? Қалай пайда болды? Оның тарихы қандай? – деген, сияқты сұрақтарды жиі қойып жатады. Бұл ғылым саласы сонау ғасырларда, адам баласының қарым-қатынасы пайда болған кезде-ақ, дүниеге келген деседі. Ал, құметті оқырман, сіздерде қазақ даласында журналистика ғылымы қай уақыттан бастап өрледі? – деген сұрақ туындайды ма? Қазақ журналистикасының көш басында өзімізге белгілі, ірі майталман тұлғаларымыз жатыр. Бүгінгінің жастары, кешегінің айнасы ретінде қалыптасқан. Журналистика тарихы – жалпы тарихпен бірдей әлемдік және белгілі бір ұлттың тарихындағы журналистиканың ағымдарын, типологиясын, бағытын, тәсілдерін, әр кезеңдегі үлгілерін, өрлеуі мен құлдырауындағы заңдылықтарын уақыт рөлі бойынша зерттейді. Тарихи деректерге көз салсақ, қазақ халқының сан ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, елжандылық, ерлік, имандылық, бауырмалдық қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесін көшпенді халық кезіңіндегі қазақ журналистикасының елеулі түрде ықпал еткені мәлім. Бұл не деген сөз? Осыдан сайып келіп, Кеңес үкіметі кезеңіндегі қазақ журналистикасында оқ пен оттың ортасында жүріп қалам тербеген жауынгерлер сондай-ақ майдан даласынан елге жететін жаңалықтың жаршысы да бола білді. Олардың қаламынан төгілген әрбір сөз, сөйлем майдангерлерді алға жетеледі. Осы кезеңдердегі қазақ журналистикасына келетін болсақ, әңгіме мүлдем жан тебірентерліктей. 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі егемендік туралы декларациясы қабылданғаннан кейін, барлығы жаңа бір рухани сезімге көтерілді. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарған рөлі зор екендігі мәлім. Бұрын бір ғана партияның нұсқауымен жүрген ақпарат құралдары бұғаудан босаған күйін сезіне бастады. Қазақ журналистикасы рухани бостандыққа қол жеткізді. Тақырып тұрғысында Аллаға сансыз шүкір етсем де, аз болмайды. Өйткені, қазақ журналистикасының тарихы тереңге жайылған ағаш тамырымен іспеттес. Құрметті оқырман, журналист болғыңыз келеді ме? Журналист болу арманыңыз ба? – ендеше құр отырмаңыз, қарекет қылыңыз! Ол – қоғамның үні, қоғамның көзі. Қоғамдағы жақсылық атаулыны жаңғыртып, жамандық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Сол себепті де, алдағы уақытта сіздермен бірге қазақ журналистикасының тарихын кезең-кезеңімен қарастырып, тармақтап зерделейтін боламын.

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті Каналбаева Айгүл Ғафуржанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Манура

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз