М.Шаханов сол кездегі атқарған ісін, бүгін біз ұлттық мақтаныш деп бағалаймыз... «Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік Ата жұрты», - деп Алты Алаштың басын қосқан Абылай хан айтқандай аспан асты елі Қазақстан, таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан “Тәуелсіздік” деген құдіретті сөзге оңайлықпен жеткен жоқ. Төсекте басы қосылмаса да, төскейде малы қосылған қазақ халқы қашанда еркіндікті аңсап, арман етті. Кешегі Керей мен Жәнібек құрған қазақтың мемлекет болып қалыптасуына негіз болған Қазақ хандығы, бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған Ұлы көштің соңынан ілесуде. Бірақ та бұл күнге жету үшін алаш жұрты талай рет басын бәйгеге тікті. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қазіргі таңымызға бірден-бір себепкер Желтоқсан оқиғасы еді. Ұлттық сананың дүр сілкініп, ұлт азаттыққа ұмтылып жалпы Кеңес Одағы елдердің Ұлттық Тәуелсіздікке ұмтылу рухын оятқан әлемдегі ең үлкен империяның бірі КСРО-ның жер жүзінен жойылуына себепкер болған әлемдік деңгейдегі аса ірі мәмілеге ие көтеріліс болатын. Желтоқсан оқиғасының түп-төркіні сонау ата-баба тарихында жатыр. Бодандық пен мәңгүрттік саясатына қарсы қазақ халқының іштегі ыза мен кектің, реніш пен шыдамның нүктесі қойылған сәті еді. Бұл көтеріліс сан ғасырлар бұрын болған Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет бастаған ұлттық теңдік үшін күрестің, азаттықтың жалғасы болып, тарихта алтын әріппен орын тепті. Бірақ та қаһарлы қыста болған бұл оқиға халық арасында өзгеше сипат алып, көтеріліске қатысқан азаматтарды қуғын-сүргінге ұшыратты. Оларға нашақор, маскүнем, бұзақы деген айыптар тағылып, жазалады. Мұндай қаныпезерлікке шыдамаған Мұхтар Шаханов өміріне қауіп төнеріне қарамастан ел мен жер намысы үшін бас көтерген, намысы тапталған қазақ қыздары мен итке таланып, жаны қиылған ұлдарымызды ақтап алуға бар күш-жігерін салды. Бір қынжылтатыны, бұл істі жақтағандар саны саусақпен санарлықтай болды. Ол ұлтын жеңіске жеткізу үшін санаулы ғана азаматтарды мылтықсыз майданға әділдік үшін күресуге жіберген болатын. Бұл күресте Шаханов қаншама қастандық пен өмірімен қоштасарлықтай сәттерге тап болды. Ресей үкіметі оны тығырыққа тіреп, мүмкіндіксіз қалдырған шақта, қараңғы қапастан бір сәуледей жарқ еткен, Түрік мәдениеті орталығының басшысы Тұран Язған оған дер кезінде қол ұшын созады. Ол «Желтоқсан оқиғасы – бүкіл түркі халықтарының көтерілісі. Кеңес үкіметіндегі басқа да болған көтерілістің көшбасшысы», - деп өз ойын айтады. Желтоқсан оқиғасын бүкіл әлемге жар салу мақсатында, Түрік елін ғана емес бүкіл елді аяғынан тік тұрғызып, түрлі газет, журнал, радио арқылы АҚШ еліне дейін жариялайды. Сонымен қоса Голощекиннің басты жауы Сахаров пен Эльсен де аянып қалмады. Олардың Мұхтарға көмектесуінің бірден-бір себебі әділдік жолында күреске шыққан Дара тұлғаның елі үшін жанталасқандығы еді. Олар ақынның елін шынайы сүйіп, қорғағанына тәнті болды. Шахановтың басты мақсаты әділетсіздікке толы оқиғаны қайта қарауды қолға алып, оны ақтау үшін комиссия құрылуы еді. Жолында кездескен сан шалысқа қарамастан Алып тұлға мақсатына жетті. Осылайша 1990 жылы Қыршын кеткен құрбандар ақталып, түрмеде жатқан жастарды бостандыққа шығарды және Шаханов бүкіл халық білуге тиісті мынадай қылмыстың көзін ашты. 1985 жылы КСРО қауіпсіздік комитеті және КСРО ІІМ бірлесіп жасаған «Метель» жоспары еді. Бұл жоспар Одақтас Республикалардың бірінде билікке қарсы дау-дамай туа қалған жағдайда халыққа қарсы пайдаланатын қарулы топ еді. «Желтоқсан оқиғасына» бірден-бір қару болғандықтан, тағы да Мұхтар бастаған топ айқын етті. Қазақ даласының түпкір-түпкірін шарпыған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына ұйытқы болған бірден-бір күш алаштың дүр сілкінген ұлттық намысы еді. Ұлттық болмыстың 62 тамыры шымырлап, тулап мұндай бассыздықтың нүктесін қойды. Егер сол кезде алаш азаматтары бас көтермегенде бәлкім бүгінде біздің басшымыз Орыс азаматы болуы әбден мүмкін еді. Бірақ сол сәтте Алаштың намысын жоқтап бас көтермеу, атқа қонбау ұлттың сүйегіне басылған таңба еді. Осындай құрбандыққа барған қара жамылған жастарды ақтап алмау нағыз сорлы халықтың күйін кешу болатын. Бірақ ондай халге жеткізбес үшін дүние жүзіне аты аңыз болып таралған Мұхтар Шаханов әділдіктің ақ жолында жеңіс туын желбіретті.
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті Каналбаева Айгүл Ғафуржанқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі