Өлең, жыр, ақындар

Балалар қолдауды күтеді

 Қоғам өзгерді дегенді жиі айтамыз. Шынында, қазір азаматтардың бәрі сақ, күмәншіл. Бұрынғыдай баласын көршісі тұрмақ, бауырларына, туыстарына сеніп тапсыратындар сиреп барады. Ұл-қызын көзінен таса қалдырмайтын ата-аналар «ешкіммен сөйлеспе, бөтен адамның қолынан ештеңе алма" дегенді күнде қайталаудан шаршамайды. Содан болар, қазір аулада емін-еркін ойнап жүрген балаларды көрмейсің. Ойын алаңындағы балалардың назардан тыс қалғаны жоқ. Өзге шаруаның бәрін ысырып қойған ата-ана балалардың сыртынан бақылауды міндет санайды.

Ал, күмән мен күдіктің ықпалында өскен баланың психологиясы қандай болмақ? Мұны ескеріп жатқан адамды көрмейсің.
Әрине, баланы әр қадамын ойланып жасауға, сақ қимылдауға үйреткен дұрыс, Бірақ, мұның зияны да жеткілікті. Себебі, баланы айналасынан алыс ұстау, сыртқы ықпалдан қорғаудың соңы қоғамда ертеңіне сенбейтін, айналасындағының бәрін жау көретін, жаңа бастама жасауға именетін қорқақ жандар тобырын түзуге алып келеді. Олардың сырласатын, арқа сүйейтін, көмек күтетін досы болмайды, Ата-анасынан басқа жандармен сөйлеспеген соң мұндай балалардың өз тұстас- тары, қоғамдағы жағдай туралы өзіндік пікірі де жоқ. Сондықтан, тәрбиелеудің, қорғаудың жөні осы екен деп, өз ортасынан алшақтатуға болмайды. Керісінше, тәрбие ата-ана мен баланың ортақ пікіріне негізделуі тиіс. Болашағы зор, өз арманын іске асыра алатын талапшыл ұрпақ өсір- гіміз келсе, оларды әр нәрседен шектеп, ортамен байланысын тежеуге тырыспау керек. Баланы колдау, идеясын жүзеге асыруда тілекші ғана емес, көмекші де бола білген жөн.

Искакова Адэлина Аленовна ҚазХҚжәнеӘТУ студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз