Өлең, жыр, ақындар

Көне тарих сыр шертеді

Ұлттың ұлылығын сезіну үшін әуелі оның тариxына бойлауымыз керек. Иә, тасын түртсең тарихы сөйлейтін Ұлы Даланың әр қиырындағы тұнып тұрған мағыналы шежірені, бабалар салған даңғыл жолды, тарихымыздың жауһар жәдігерлерін біліп, өскелең ұрпаққа насихаттау бүгінгі күннің талабы. Демек,ақындар мен батырлар елі атанған тарихы терең, өмірі өлең, халқы кемел, даласы кенен киелі еліміздің бұрынғы тарихын қазбалай берсек құнды деректерге жолығатынымыз сөзсіз.Сонымен, тамыры тереңге жайылып, ата-бабамыздың өмірінен сыр шертетін тарихи оқиғаның бірі 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтеріліс еді. Осы көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

Себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Қазақстан аумағына шаруалар жаппай қоныс аудартылды;

Қазақтардан майданға ірі көлемде мал мен киіз үйлер алынды;

Түтін салығы және басқа да салық түрлері енгізілді;

Қазақ халқының құнарлы жерлері озбырлықпен тартып алынды;

Мұсылмандар құқығына шектеу қойылды т.б. Осы кезеңде қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлінді. Ал ұлттық-либералды бағыттағы Алаш зиялылары Ә.Бөкейхан, М. Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді.Күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне төтеп бере алмай, қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді. Солай болды да. Сонымен бұл көтеріліс қазақ ұлтының  саяси жетілгендігінің тағы да бір көрінісі. Иә, көне тарихымызда біз білмейтін тағы қанша сыр жатыр екен.

Сыры терең тарихымыздың кейінгі жас ұрпаққа берер тағылымы мол,  киелі топырақта дүниеге келген би, шешен, батыр, ақын бабалары жайлы толғаныстар, бүгінде еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі тұлғалар мен танымал азаматтардың өмірбаяны мен тарихы жайлы танымдық деректермен сусындатқан, шежіресінен сыр шерткен көне тарих сыры міне осындай!

Ал дерегі мол, айрықша бедерлі, сыр сандығында жатқан Ұлт азаттық көтерілісті жіпке тізгендей ғып көрсеткен тарих қойнауында қордаланып жатқан деректер жетерлік. Сондықтан көне тарихымыз болашақ ұрпақтың рухын кемелдендіріп, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, бойына мәңгілік рухани азық боларына бек сенемін.

Сопыхан Нағима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз