Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс жасай бастайды . Қазір ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде . Біздің мамандықтар жайлы түсінігіміз өзгереді . Біз қаласақта қаламасақта жұмыс орындары қысқарады.
Н. Ә. Назарбаев
Мамандық таңдау-өмірдің ең маңызды шешімдерінің бірі. Ол-сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Қазіргі кезде әлемде мамандықтың 40 мыңға жуық түрлері бар.
Оның кейбіреуі болашақта сұранысқа ие болса, көбісі сұраныссыз қалуы әбден мүмкін. Сол себептен де, болашақтың мамандығын таңдаған жөн . Болашақтың мамандағы-бұл келешекте қажетті ең қажетті, ең табысты деп саналатын мамандықтар. Бүгінгі күнде өзекті мамандықтардың атауын білу өте маңызды. Менің ойымша алдағы 10 жылда жоғары білімді талап ететін мамандықтар арасында сұранысқа ие болатындары:биомедицина, 3D модельдеу, инженерлік мамандықтар, АТ және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді жасаушылар, нанотехнологиялар, сервиспен байланысты мамандықтар, логистика, экология, инфроқұрылым(Қала құрылысы).
Заман талабына сай өмір сүру керек деп жатамыз ғой, сол секілді заманға сай жаңа мамандықтар қажет. Қазір біздерге шетел тілін білу, компьютерді жоғары деңгейде қолданып, оның әртүрлі бағдарламаларын игеру талап етіліп отыр. Яғни инновациялық озық технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, нанотехнологияларды игерген, компьютерлік бағдарламаларды құрастырушы мамандар - заман талабына сай пайда болып жатыр.
Бірақ, мамандық таңдау барысында адам сұранысы бар, жоғына қарамай өзінің жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керектігін ұмытпағаны жөн. Себебі, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз жұмысын жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді. Егер де ол мамандық өзіне ұнамай, тек өзгелердің айтуы бойынша сол жұмысқа кірген болса-адам, өмірінің соңына дейін өзін ауыр сезініп, өмірде өз орынын таппаған адам секілді жүретін болады. Қорытыта келгенде, мамандық тандағанда болашақтағы мамадықтарға ғана емес, жүрек қалауына да үңілу қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Біздің елімізге аса қажетті мамандықта білім алғанымыз қоғамға да, өзімізге де пайдалы . Мен де мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты мамае иесі болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін. Себебі, болашақ-менің қолымда!
Оралбекова Дильназ Дауренқызы Талдықорған қаласы Оқушылар Сарайы "ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА" үйірмесінің жеткіншегі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі