Өлең, жыр, ақындар

Көше шамдары қайта жарықтандырылды

Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істеуін тоқтатқан болатын.

2020 жылы Шу қаласы бойынша бірнеше басты көшелерге түнгі жарық жүйелері орнатылып, пайдалануға берілді. Өткен жылдың соңында Шу қаласының әкімі қалаға қосылған елдімекендердің мәселелерімен танысу үшін Шу ауданының тұрғындарымен кездескен болатын. Сонда жергілікті тұрғындар Сәтпаев, Түйебеков көшелері бойын жарықтандыру мәселесін айтты. Осыған орай Шу қаласының басшысы қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысына тез арада аталған көше бойына электр шамдарын орнату туралы тапсырма берді. Нәтижесінде, қысқа уақыт ішінде аталған көшелер түгелдей жарықтандырылып, қазіргі таңда энергия көздерін үнемдеуге арналған заманауи жаңа электр шамдары тұрғындардың пайдалануына берілді. Енді тұрғындар саябаққа серуендеуге , емін-еркін баратын болды. Қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Жарық көшемен жүрудің өзі бір ғанибет. Ешқандай қорқыныш та болмайды. Қала тұрғындарының әкімге айтар алғысы да шексіз.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті 1 курс Серік Аяжан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз