Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Quacquarelli Symonds жаһандық рейтингінде 165-орынға көтеріліп, үлкен серпіліс жасады. 2020 жылда кемінде екі Қазақстандық ЖОО-ның әлемнің үздік топ-200 университеттеріне кіргізу туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген міндетті жетекші Қазақстандық университет сәтті орындады. ҚазҰУ әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі жоғары деңгейге сай екендігін растады. Quacquarelli Symonds ең танымал және беделді халықаралық рейтинг агенттігі әлемнің жоғары оқу орындары бойынша зерттеудің жаңа нәтижелерін жариялады. QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, биыл ҚазҰУ 42-ші орынға көтеріліп, жаһандық рейтингте 165-ші орынға ие болды және "әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына енген алғашқы Қазақстандық жоғары оқу орны болды". Рейтингтің алдыңғы сапында Массачусетс технологиялық университеті, екінші және үшінші орында – Стэнфорд және Гарвард университеттері тұр. Әлемдегі үздік он жоғары оқу орнын американдық және британдық жоғары оқу орындары құрайды. Посткеңестік кезеңде бұл топқа тек екі университет – Ломоносов атындғы МГУжәне ҚазҰУ кірген болатын. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған университет ұжымының ҚазҰУ жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі үлкен жұмысы қазіргі таңда алдыңғы орында тұр. Кластерлік тәсіл негізінде кешенді құрылымдық жаңғырту жүргізілді және нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі енгізілді, олар білім мен ғылымның түбегейлі жаңа сапаға көшуіне ықпал етті. Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, қос диплом бағдарламалары мен ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, соның арқасында ҚазҰУ-да Қазақстандағы ең көп шетелдік студенттер білім алуда. Олардың саны өткен жылғыдан қазір 15 есе өсті. Майкрософт компаниясы ҚазҰУ-дың цифрлық даму моделін үздік тәжірибелердің бірі ретінде таныды. Университетте әлемге әйгілі жоғары технологиялық корпорациялардың ғылыми-білім беру орталықтары ашылды, "идеяны генерациялаудан бастап оны коммерцияландыруға дейін" ғылыми-технологиялық дәліз құрылды. Оны тиімді пайдалану ҚазҰУ-ға бес жыл ішінде ғылыми жобалар көлемін 2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық авторлардың халықаралық рейтингтік ғылыми журналдардағы әрбір бесінші жарияланымы ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Осы кезеңде университеттің инфрақұрылымы шамамен 50 пайызға өсті. Қазақ ұлттық университетінің әлемдік білім беру-ғылыми кеңістіктегі көшбасшылық позицияларын басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктер растайды. ҚазҰУ әлемнің ең экологиялық топ-200 және технологиялық дамыған топ-50 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. ҚазҰУ 12 шет елде әл-Фараби орталықтарын құрды. Осы жетістіктердің барлығы ҚазҰУ-ды түркі және ислам әлемінің үздік университеті деп тануға ықпал етеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі