Өлең, жыр, ақындар

Дінмұхамед Сұлтанғазин

Көп адамға таныс емес, тек мамандығы жағынан маған, яғни болашақ журналистке және журналисттерге ғана аты мәлім Дінмұхамед Сұлтанғазин. Шоқан Уәлихановтың немере туысы болып келеді, "Дала уәлаяты газетінің"-жарыққа алғаш шығарған, алғаш редакторы, бұл кісіні көп тарихи деректе өзімен аттас Семейлік Дінмұхамет Сұлтанғазинмен шатастырып жазады. Білмей емес, "әдейі", себебі сол кездегі "Алаш ордасы"-партиясының төрағасы Әлихан Бөкейхановқа да туыс болып келеді, бәрі бір төренің тұқымы. Дінмұхамед Сұлтанғазин жайлы төрелердің шежірелерінде басқа, зерттеу, жинақ кітаптарында да айтыла бермейді, бұл кісі жайлы орыс фольклоршысы Ю.Попов өзінің Григорий Потанин жайлы "Последная путешествие Григория Потанина"-атты еңбегінде жазып кеткен, онда ол Потанинның осы сапарында қазақтың аңыздарының көптігін тағы біліп және оған оны білуге, ол аудармаларды орысшаға аударып берген Санкт-Петербург университетінің студенті жас жігіт Тоқырау өзенінің тумасы Дінмұхамет Сұлтанғазин екені жайлы  айта кетеді. 

Д.Сұлтанғазинның еңбектеріне келер болсақ. Мақалалары жайлы көп айтылмайды, бірақ біздің білетініміз Қазақ тілі жайлы ауыз толтырып айтар көлемді мақалаларды жарыққа шығарып, тілдің болашағымен, сол кездегі жағдайына дұрыс талдау жасаған, шет елдерден келген сөздердің қазақшасы дұрыс аударылмағандығы жайлы, арап әліпбиінің қазақтың сөздерін жазуға әр кез келе бермейтіні жайлы жазылған пікірлері жазылған, Сұлтанғазинның мақалаларынан ағартушылық иісі, алға жылжушылық иісі аңқып тұрады. Сұлтанғазин Ыбырай Алтынсаринның ойларын қолдап, оны кез-келген жағынан ұстаз тұтып отырған. Бұл жазылған мақалалардан байқағанымыз, ойы сол кездегі қазақ зиялыларымен ұқсас болған, сол идеяны, яғни, қара бұқараның көзін ашпаққа ұмтылған, тарихи маңызы зор, тарих атты үлкен сахнада үлкен "рөл" ойнаған "Дала уәлаяты газетінің" редакторы, тудырушысы. Бұл кісі жайлы да қалың білуі тиіс еді, тек Кеңестің сұрапыл саясатының кесірінен, әдебиет, тарих беттерінен кездестірмей, ол кісіні өзгемен шатастырып адасып жүрміз.

Сөздің шыны керек, менде бұл кісімен танысқаныма көп болмады, бірақ, алдағы уақытта мектеп кітаптарын шығаратын басылымдар, мектеп бағдарламалары осы кісі жайлы өз кітаптарына енгізу керек  мұндай кісіні тек журналисттер емес, қалың қара қазақ білуі керек.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті 1 курс студенті: Тасболат Арайлым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар