Адамның күні адаммен. Бұл сөздер әрқашан да адамзат баласының бірлігін және ең басты қасиетін, яғни адамгершілігін жоғалтпауын ескертіп тұрғандай. Биыл адам баласына COVID-19 жүзінде нағыз сынақ түсті. Бұл індет тек біздің экономикамыз бен қоғамдық өмірімізді ғана емес, шын мәнінде біздің адамгершілігімізді де сынады. Әркім өз халін ойлап кетпей, ортақ қоғам игілігі мен бір-біріне көмек қолын созу-адамды адам қылатын қасиеттердің бірі әрі бастысы. Осы қиын шақта адам баласының бұл ізгі қасиетінен айырылмағанын көрсетіп, адамзатқа деген сенімді көптеген жүректерде қайта жаққан ерекше тұлғалар волонтерлар болды.
Қоғам — барлық қасиеттер мен мүмкіндіктер әрі әртүрлі деңгейлердің керемет үйлесімі. Яғни қоғамда барлық адамдардың құқықтары тең болғанымен, олардың мүмкіндіктері мен қоғамдық қорғалуы бірдей емес. Міне қоғамның дәл осы нашар қорғалған деңгейіндегі адамдарға, мысалы зейнеткерлерге, денсаулығы нашар адамдарға немесе қаржылай мүмкіндіктері төмен отбасыларға көмек көрсету - волонтерлік қозғалыстыңалдына қойған міндеті болды. Және бүкіл әлемде өздерінің сауапты істерін жүргізген волонтерлар бұл ізгі мұраттарына жетті деп айтуға болады.
Волонтерлар еңбегі арқасында қаншама отбасы өздерінің жалғыз емес екендігін, бәріміз бірге екендігімізді іс жүзінде көрді. Волонтерлік ұйымдар мен оларға мүше болған азаматтардың санын айтып шығу қиын, алайда салыстырмалы түрде бағалау үшін волонтерлік белсенділіктің Алматы қаласы халқына әсерін қысқаша айта кеткен жөн болар. Бір ғана «Қазақстан волонтерлері Лигасы» ұйымының Алматы қаласындағы бөлімшесінің жұмысы үлкен мақтауға тұрарлық. Қалада қауіпсіздік техникасы мен жеке бас тазалығы ережелері үйретілген 1000 волонтер жұмыс істеді. Олардың еңбектерінің жемісі мынандай болды:
— 411 5мұқтаж және әлеуметтік осал азаматтарға көмек көрсетілді;
— 193 отбасына медициналық бетперделер берілді;
— 9972 азық-түлік дорбасы мүгедекерге, зейнеткерлерге және қарттарға таратылды;
— 166 жердегі мониторинг нәтижесінде оның 80 тәртіп бұзушылық анықталып, құзіретті органдар тарапынан шаралар қабылданды:
— 100 дәріхананы негізсіз баға көтеру жағдайына монторинг жасалды;
— 5000 қорап гуманитарлық көмек қорабы түсірілді;
— 80 коронавируспен ауырған адамға дәрілік препарат тасуға көмек көретілді;
— 6250тұрғынға сенім телефоны арқылы ақпараттық көмек көрсетілді;
— Барлығы 26 мыңға жуық тұрғынға волонтерлар көмек көрсетті. Бұл тек бір ұйымның бір ғана қалада атқарған еңбегі. Осы арқылы бүкіл әлем бойынша волонтерлікке барған азаматтардың еңбегінің ауқымына баға беруге болады. Жүрегінде мейірім мен өзгелерге қол созуға дайындығы бар азаматтар-волонтерлер. Індет заманында, адамзат үйінен шықпауға тырысқан заманда мұқтаж жандарға көмек көрсеткен нағыз батырлар да-волонтерлер. Биыл «Волонтерлер жылы» аясында 700 мың адамды қамтыған жүздеген қоғамдық шаралар өткізіп, халықтың рухын көтеріп, ”Біз біргеміз” дегендер де осы волонерлер еді. Шын мәнінде, әрбір волонтер рахмет айтуға тұрарлық тұлға, себебі олар осы оңай емес заманда өзін қоя тұрып, көмекке мұқтаж жандар үшін шыққанеді, ал бұл екінің бірінің қолынан келер іс емес.
Бұл жыл ерекше жыл болды. Бұл жылы әркім өзінің кім екенін ұғып, қоғам мүшелері өз рөлдерін айқындады. Волонтерлер яғни еріктілер биылғы жылдың символы әрі адамзат мақтанышы атауына лайықтылығын дәлелдеді. Осы бір керемет жандарға шын жүректен үлкен рахмет айтқым келеді.
Түскенде бұл қиын сынақ адамға,
Қорыққанда жасауға бір қадам да.
Індет келгеносынау бір заманда
Еріктілер тіреу болды қоғамға.
Аямаған іс жолында өздерін,
Еріктілер-адамзаттың бақыты.
Сендер үшін ізгі тілек-сөздерім
Биылғы жыл еріктілер уақыты.
Сенем, бітербұл бір сынақ күндер де,
Соған дейін бәріңді Алла сақтағын.
Алғысым көп менің айтар сендерге,
Ел жадында, қалар мәңгі аттарың.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих кафедрасының доценті:Т. Ғ. Қ. Жұмаділ Махаббат Тоқтарқызы
Автор:Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің1-курс студенті Қуанышұлы Нұрлан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі