Өлең, жыр, ақындар

Ұлы даланың ұлағатты ойшылы!

Әл-Фараби көптеген ғылым мен өнердің негізін салушы. Шығыстан шыққан тұңғыш философ болып саналады.

Н. Ә. Назарбаев

Al-Farabi is considered as  the first Eastern philosopher and of many arts and sciences.

N. Nazarbayev

Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Ұлы ойшыл бала күнінен ғылымға үйір болып, білімін жетілдіріп, ұлы ғалымдардың еңбегімен танысып, жан-жақты ізденіп білімге ұмтылған. Білімін Самарқанд, Бұхара қалаларында бастап, одан кейін Хамадан, Шам, Каир, Дамаск елдерінде жетілдіріп зерттеумен айналысады. Әл-Фараби бабамыз білім алу жолында жан-жақты болып, бір елден екінші елге саяхат жасап білімін шыңдаған.   Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнаған. Және осындай ізденістерінің арқасында ойшыл  Аристотельден кейінгі  “Екінші ұстаз” атанады. Сонымен қатар ойшыл, ұлы ғалымдардың еңбегімен танысып, грек ойшылдарының бірі Аристотельдің “Герменевтика”, ”Риторика”, “Метафизика” еңбектерін оқып, қоғамға түсінікті болу үшін түсіндірме кітаптар жазған. Яғни ұлы ойшылдың көп тілді меңгеріп, білім алу жолында және білім беру жолында да, қоғамға пайдасын тигізіп, жас ғалымдардың білімін шыңдауға септігін тигізген. Ғұлама ойшыл 70-ке жуық тілді меңгерген және көптеген түсіндірмелер, ғылым саласында еңбектер жазып қалдырған.

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған ұлы ойшыл, данышпан, энциклопедист, ғалым бабамыз, астрономия, астрология, логика, музыка, медицина, социология, лингвистика, риторика тағы басқада философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге  жуық трактаттар жазған.  Ғұлама  ойшыл ғылымды 2 топқа бөліп қарастырып өткен:

- бірінші теориялық ғылымдар, яғни жататылыстану ғылымдары  мен метафизика

- екінші практикалық ғылымдар, яғни этика фиқһ, кәләм(исламдағы өзекті мәселелерді қамтыған)ғылым салалары.

Әл-Фараби “Ғылымдардың шығуы”, Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, ”Бақытқа жету жайында” тектес трактаттары ғаламдық ойдың дамуына, жетілуіне септігін тигізген. Ойшылдың қайсыбір еңбегін қарастырсақта алар мағлұматымыз өте көп және де білім, ғылым, мәдениет тағы ғылым саласымен танысып білімізді шыңдап ғылымға үлесімізді қоса аламыз. Әл-Фараби еңбектері біз үшін құнды жәдігер, өшпес тарих, мол мұра болып табылады.

Ұлтты біріктіретін - мемлекет. Мемлекет болып қалудың бір ғана амалы -Ұлттық бірлік.   Өйткені бірліксіз -Ұлт жоқ, ұлтсыз-мемлекет жоқ . Мемлекетсіз - болашақ жоқ. Болашаққа жоспар құрып, ұлтттық құндылықтарымызды сақтап, халқының болашағын, тағдырын ойлайтын, мемлекеттің бірлігін жоғалтпай, мемлекетті ұстап тұрушы ол” басшы”.  Әл-Фараби әлеуметтік-қоғамды және этика саласында да қалам тербеген. Ойшылдың “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты трактаты бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелер қарастырылады. Еңбегінде қала деп қарастырған-мемлекет. Ойшылдың бұл шығармасында мңмлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздік жайлы, идеал қала халқының моральдық бейнесі, қала басшыларына қажетті адамгершілік қасиеттер, тұрғындарының қай кезде бақытқа қол жеткізетіндігі баяндалады. Ойшыл қала басшыларын “қайырымды” және “надан” деп екіге бөледі. Қала тұрғындарының қай кезде бақытты болатындығы, ойшылдың пікірінше басшыларға байланысты. Егер қала басшысы білімді, қайырымды, адал, ойы таза болса, онда барлық қала тұрғындары бақытты болады. Ал қала басшысы надан болса, білімсіз, халқын алдап өтірік айтса, қала тұрғындары бақытсыз болады. Әл-Фараби бақытқа жету үшін адамның мінез-құлқы жақсы болу керек және үнемі ізденісте болып, білімін жетілдіріп отыруы қажет дейді. Әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ.

Әл-Фарабиді қазақ даласына алып келген қазақтың біртуар ғұламаларының бірі Ақжан Машанов болды. Ол Әл-Фараби мұраларын зерттеп, қазақ халқының  ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде Фарабитанудың негізін қалады. Ұлы ғұламаның ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, ”Әл-Фараби”, ”Әл-Фараби және бүгінгі ғылым” еңбектері жарық көрді. Әл-Фараби  адамзат қоғамының  дамуына өлшеусіз үлес қосып, ғылымдардың іргетасын қалап, кейінгі ұрпаққа мол мұра етіп қалдырды.

“Ұлт пен  ұлтты, халық пен халықты теңестіретін-білім” Білім мен ғылымның тереңіне бойлаған, ғылым салаларында өшпестей із қалдырған Әл-Фараби бабамыздың  есімі білім ордасы Қазақ Мемлекеттік  Университетіне   ҚазССР Министрлер Кабинетінің №629   Қаулысымен  1991 жылы 23 қазанда берілді. 1993 жылдың қаңтарында    №1059 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қаулысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті аталды.

2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығы аталып өтілді.  Ауқымды шараға байланысты мемлекет басшысы Қ. Тоқаев әл-Фарабидің мерейтойға дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып жоғары деңгейде аталып өтілді.  Президент бастамасымен биыл ұлы ғұламаның мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. ЮНЕСКО қамқорлығымен бастау алып.  Әл-Фараби мерейтойына БҰҰ, ЮНЕСКО, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Түрксой сынды бірнеше халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия өкілдері мен белгілі ғалымдар қатысты. Ұлы ойшылдың мерейтойы аясында Түркістан облысында әл-Фараби мұрасын қайта жаңғырту және Отырар қаласын туристік кластер ретінде қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар жүзеге асырылды. Және қазақ елінен басқа да мемелекеттерде, соларбың бірі  Дамаск қаласындағы әл-Фараби мәдени тарихи орталығы мен музей үйін жетілдіру қолға алынып іске асырылды. «Әл-Фараби мерейтойын атап өтудің басты мақсаты: ғалымның мұрасын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау», – деді Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын ресми түрде ашқан мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев.  Ұлы ойшылдың мерейтойы аясында әлемнің бірнеше елінде, Қазақстаннан өзге Париж, Италия, Иордания, Түркия, Қытай, Сирия сынды елдерде ғылыми конференциялар өтілді. Әл-Фараби мұралары зерттеліп еңбектер шығып кең көлемде аталып өтілді. Жас ұрпаққа берілген мұраны түсіндіріп көрсете білді. Ұлы ойшылдың идеялары  қағидаттарын қазіргі таңда заманға сай пайдалануымыз керек.  Ғұлама ғалымның мұраларын мұрасын өзекті ғылыми зерттеулерде және инновациялық білім беру үдерістерінде кеңінен қолдану керек. Сол себептіде Әл-Фараби мұраларын қазіргі білім жүйесінде қолданып, рухани дамуға, инновацияның дамуында, мәдениет пен ғылымның ұштасып дамуында Әл-Фараби мұралары тәжірибелері құнды.

Әл-Фараби мұраларынмен танысып, зерттеп қызығушылық танытатындар негізінде «Әл Фараби» орталығы ашылды. Орталық әл-Фараби мұрасын зерттеп, ел ішінде және шетелде насихаттаумен айналысады. Ол үшін арнайы сайт та жасалған. Ғалымның өмірі мен еңбегіне арналған зерттеулер қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарияланып тұрады.

Әл-Фараби мерейтойы қарсаңында көптеген іс-шаралар қолға алынып, жоғары деңгейде аталып өтілді. Және бұл мерейтойдың негізінде қоғам ұлы бабамыздың мұрасымен танысып, іс-шаралардың барлығы білім мен ғылымның дамуына септігін тигізді. Мерейтой аясында ұлы ойшылдың еңбектерін аудару, әл-Фараби энциклопедиясын шығару, деректі фильмдер мен кинолар түсіру сынды шаралар қолға  алынып, жасалынып халыққа жеткізілді.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы  ресми түрде аталып өтілді. Шығыстың ғұлама-ойшылы, математик, музыка теоретигі, астролог, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған тұлғаны дәріптеп, өскелең ұрпақтың жадына сіңіру, насихаттау жолында ауқымды іс-шаралар жүргізіліп, халық жадына сіңіп, ұлттық руханиятымызды, жәдігерлерімізді жаңғыртып мол мұраны халыққа жеткізе білді.

Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, содан соң айтып берейін» -деген ұлы ғұлама насихаттары ұлт болып қалыптасып, болашаққа нық сеніммен қадам басуға, болашақ жастардың білім жолында ізденіс жасап нәтиже көрсетіп, биікке өрлеу болашақ жастардың қолында екендігін аңғартады. Әл-Фараби мұралары біз үшін өте құнды мол мұра, қазақ топырағынан шыққан әлемді мойындатқан, ғылым, білім жолында еңбек еткен ұлы бабамызбен мақтануымыз қажет!

ҚазҰУ 2 курс студенті Жолдықара Мадина ҚазҰУ ғылыми жетекші аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз