Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультетінде 19-желтоқсанда оқытушы Айнұр Ахметова мен «Студенттердің ғылыми қоғамы» ұйымының ұйымдастыруымен жас қаламгер Торғын Жолдасбекқызымен онлайн кездесу өтті. Шараға факультет оқытушылары мен студенттер және ұйым мүшелері қатысты.
Онлайн жүздесу барысында қазіргі заманғы мәдени кеңістіктегі көркем әдебиеттің дамуы, басты бағыт-бағдарлары мен қаламгер Торғын Жолдасбекқызының шығармашылық зертханасы жайында кеңірек айтылды. Кеш қонағы Т.Жолдасбекқызы студенттерге болашақта филология саласы бойынша қызмет атқарудың жолдарын, мамандық пен қазіргі замана сұранысына сай қабілеттерді игеруге қатысты өзіндік тәжірибесін сөз етті. Жазушы жиынға қатысушылардың қазіргі уақыттағы кітап саудасы, Қазақстандағы жас авторлардың әдебиетті дамытудағы рөлі мен өзінің шығармашылығы туралы сауалдарына жан-жақты жауап берді. Жас қаламгер студенттік кездегі қызықты оқиғаларын айтып, қонақтарға жарқын көңіл-күй сыйлады.
Кездесу әрбір студенттің ой-өрісін кеңейтіп, ізденіске деген құлшынысын арттырғаны сөзсіз. Қонақтардың сауалдарына тыңғылықты, сабырлы кейіппен жауап берген қаламгердің болмысы қоғамның көптеген өкіліне үлгі десек те болғандай. Тағдырлы жазушының өмірлік ұстанымы мен өмірге деген көзқарасы өзгелерден ерекше. Қатысушылар Т.Жолдасбекқызының ғибратты әңгімелері мен жүрекжарды сөздері оқырман көңілінен айрықша орын алды деген сеніммен кездесуді аяқтады.
Асел Псибаева, филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі