Өлең, жыр, ақындар

Тарих - тағылым алаңына айналуы тиіс

Тарих ғылымы - адамзаттың өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Ал тарихқа келер болсақ ол адамзатқа тек өткенін ұмытпас үшін қатталған оқиғалар емес болашақта қателеспеуі үшін жазылған ережелер. Яғни адам баласы үшін өткен тарихын терең зерттеп, одан дұрыс қортынды шығармайынша болашаққа қадам басу мүмкін емес. Тарих бізге келесі қадам жасауға пайдаланатын компас. Адам санасының дамуы немесе құлдырауына байланысты тарих әр уақытта әр түрлі жасалынып, әр түрлі әдіс тәсілдермен зерттелініп келді. Адам баласының күнделікті іс әрекеті оның қоғаммен байланысы бәрі тарих болып сақталынып отыратындықтан тарих ғылымы адамзатпен бірге өмір сүрмек, яғни адамзаттан бұрын жоғалмақ емес. Сондықтан тарих ғылымының маңызы қажеттілігі өте жоғары. Қазіргі уақытқа пайымдап қарайтын болсақ өркениетті елдер жалпы адамзат өткен тарихқа аса парасаттылықпен зер салып өткенге жиі үңілуде. Тек өркениетті  елдер ғана емес бізде де өткен тарихымызды зерттеуде жаңа қадамдар жасалынуда жаңаша жобалар маңызды іс шаралар қолға алынуда. Бірақ біз өткен тарихымызды жатқа білгенімізбен одан қортынды шығарудағы жаза басқан қадамдарымыз, немесе болған оқиғаларды бұрмалау оны жасыру сынды өрескел қателіктеріміз бар екенін мойындауымыз керек. Өткен ғасырға көз салар болсақ біздің ел, біздің ұлт үшін кешірілмес қатігездік адам төзбес айуандық жасалғанын бәріміз білеміз. Ал біз қазір тәуелсіз мемлекет тұғырлы елміз деп айтамыз бірақ сол совет идеологиясы қанына сіңген, өмір жолында соны бойтұмар қылып ұстаған, сол идеологияның орындалуын әлі күнге сарыла аңсайтын КСРО сарқыншақтарының қоғамның белгілі бір бөлшегі ретінде бүгінгі күнде тарихтың дұрыс зерттеліп зерделенуіне жол бермей, жас ұрпақтың болашағын айқын көрсетпеуі әрине өкінішті. Тарих қайталанады дейді. Бірақ оның неше ғасырда немесе қанша жылдан кейін қайтадан көрініс беретіндігін ешкім кесіп айта алмасы анық. Қария тарихтың көне парағы міндетті түрде бір ғасырда немесе жүз елу жылдан кейін қайтадан қайырыла ашылады деп ешкімнің де кесіп-пішіп айта алмайтыны секілді, оның айналып келмесін де ешкім жалғанға шығара алмайды. Себебі бұл-бәрібір болмай қоймайтын аксиома. Тарих тәжірибе алаңына айналуы тиіс. Тарихтың қайырылып соқпай, қайталанбай қоймайтын тағы бір шындығы бар. Міне, тарихи тәжірибе сонда ғана сіз бен бізге зерделі таңдау, дұрыс пайым жасатады.

ҚазҰУ-нің 1-курс магистранты Базарбай Дәуіт, т.ғ.к., доцент Мұхажанова Толқын


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз