Корейская косметика премиум класса

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Сәлем, жас жеткіншек! Мен сендерге ғаламдық мәселеге айналып отырған тақырыптың бірі – есірткі жайында айтқым келіп отыр. Есірткі - адам өмірін түбегейлі өзгертіп, адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын қауіпті  нәрсе. Әлемнің көптеген елдері бұл затты адам өміріне аса қауіпті деп санап, тұтынуға тыйым салып келеді. Әйтсе де, әлем бойынша да, біздің елімізде де балалар мен жастар арасында ішімдік ішу,темекі шегу,есірткі заттарды қолдану күннен-күнге  өршіп, бүгінгі таңның көкейкесті мәселесіне айналып отыр.

Есірткінің шығу тарихына көз жүргіртсек, бұл зиянды нәрсенің түп тамыры тереңде жатыр екен. Поляк дәрігері Станислав Гурски есірткі жайында көп жылдардан бері ғылыми түрде айналысып келеді. Ол  көне заманның шығармаларында есірткі пайдаланушылар туралы айтылатындығы туралы ой білдірді. Ондай мысалдары Гомердің «Одиссейінен» және үнді халқының көне жазбаларынан көруге болады дейді. Сол кезде-ақ адамдар оны жүйелі түрде пайдаланғандығы туралы деректер келтіреді. Сонымен қатар, Тай елі, Бирма, Лауоста әлі күнге дейін пайдаланудың ескілікті дәстүрі сақталып келеді екен.

Еуропа елдерінде бұл негізінен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп тарады. Әуелі оны денедегі ауру азабын уақытша болса да басу үшін қолданса, одан кейін тозған жүйкені сабырға түсіру үшін дәрі ретінде қолданған. Ал қазіргі кезде есірткіні қолдану  мүлдем басқаша сипат алуда. Жастар уақытша болса да рахат сезімге бөлену үшін пайдалана бастады.

Америкалық, шетелдік кинофильмдерді көріп отырсаң, жеткіншектердің есірткіні пайдаланып жатқан көріністері, эпизодтары денеңді түршіктіреді. Жаңыңды ауыртады. Себебі өмір-адамға берілген ең қымбат дүние. Сол қымбат дүниенің қадірін түсінбей, өз өміріне балта шауып, қауіп төндіріп жатады. Сонымен қатар, өзінің ғана өмірін құрпай, қоршаған ортаға да зиянын тигізеді. Атап айтар болсақ, бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б қылмыстар жасайды.

Қазақ халқы «Дені саудың-жаны сау» деп бекерге айтпаған. Адамның басты байлығы – денсаулық. Басты байлығымызды сақтап, салауатты өмір салтын ұстану  - өз болашағымызды биікке көтеру болып табылады. Себебі мемлекетіміздің болашағы, күш-қуаты - дені сау, білімді, мәдениетті ұрпақ.

Сөз соңында айтпағым, жас жеткіншектер, менің достарым! Зиянды нәрселерден, әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден бойыңызды аулақ болыңыз.  Өз қоғамыңа, еліңе пайдалы азамат болам десең – есірткіге, зиянды нәрселерге әуестенбе! Денсаулықтарыңыз мықты, шымыр болсын! Спортпен шұғылдаңыздар!

#УПНДПКЗО
Сахижанова Адина
Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы
№277 мектеп-лицейі 6-сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×