Қысқаша өмірбаяным
(Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы . институтының архивінде сақталған Баубек Бұлқышевтың 1939 жылы 13 мартта өз қолымен жазып, толтырған өмірбаяны мен кадрлар листогі.)
1916 жылы Қарағанды облысының Қарсақпай ауданындағы 9-ауылда тудым, әкем революцияға дейін де, одан соң да мал шаруашылығымен айналысты. 1931 жылдан колхоз мүшесі болды, 1932 жылы әкем де, шешем де қайтыс болды. Ата-анам өлген соң мен Қарсақпайдағы ФЗУ-ға оқуға кірдім, оны 1934 жылы бітірдім, 1935 жылдың 1 сентябрінен 1938 жылдың 1 октябріне дейін Алматыдағы есеп - экономика техникумында оқыдым. 1938 жылдың 1 октябрінен 1 декабріне дейін Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы жас жазушылар мен ақындардың курсында оқыдым. 1938 жылдың 1 декабрінен «Лениншіл жас» газетінің редакциясында әдеби қызметкермін.
Ұлтым — қазақ, шыққан тегім — кедей шаруа. 1932 жылдан бүгінгі күнге дейін ВЛКСМ мүшесімін. 1934 жылдың 7 авгусынан 1935 жылдың 6 авгусына дейін Қарсақпай ауданының «Ұлытау» совхозының сүт фермасында есепші, 1938 жылдың 2 июлінен 2 октябріне дейін Алматыда Қазақтың Мемлекеттік баспасында іс басқарушы болып істедім. Алматы қаласы, Школьная көшесі, 40-үйде тұрамын.
Қарсақпай мыс заводы архивінің 1974 жылғы 12 июльдегі анықтамасы
Қарсақпай мыс заводының 1930 жылдардағы архиві негізінен Ұлы Отан соғысы жылдары жарушы оқ-дәрілерді тығындау үшін жұмсалғандықтан кейбір жеке документтер ғана .сақталған. Солардың арасындағы комбинат жанындағы ФЗУ мектебінің оқушыларына еңбек ақы төлеу жөніндегі ведомостарда:
1933 жылдың февраль айында практикант Бұлқышев Баубекке 24 жұмыс күні үшін 30 сом 90 тиын;
1934 жылдың март, апрель, май және июнь айларында контор есепшісі ретінде 47 сом 25 тиыннан еңбек ақы төленген.
ФЗУ мектебінің шәкірттеріне 1933 жылы стипендия төленген ведомостарда 453 оқушының есімдері аталып, мектеп меңгерушісі Жанғалин қол қойып, куәландырған.
1934 ж. ведомостардан мектептің директоры Ефанов, меңгерушісі Байдуллаев Қалабай, оқу ісі меңгерушілері Тимофеева, Олейникова, тәрбиешісі Жәкенов, нұсқаушысы Өміртаев С., оқытушысы Әлмұхамедов Т. жолдастар болғаны анықталды.
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институты — КПСС Орталық Комитеті жанындағы Ленин орденді марксизм-ленинизм институты филиалының 1976 жылғы 4 июньдегі 55-санды анықтамасы
Партия архивінің документтері бойынша, Бұлқышев Баубек «Комсомол баспасының» бұйрықтарында көрсетілгендей, 1938 жылдың 11 декабрінен 1939 жылдық 8 майына дейін «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі, 1939 жылдың 8.майынан 1940 жылдың 1 мартына дейін «Октябрь балалары» газетінің мәдениет және балалар творчествосы бөлімінің меңгерушісі болған, бұл қызметінен Қызыл Армия қатарына шақырылуына байланысты босатылған.
1938 жылдың 16 февралінен 1939 жылдың 5 мартына дейін «Лениншіл жас» газетінің жауапты редакторы — Жанұзақов; ал 1939 жылдық 4 мартынан 1940 жылдың 27 авгусына дейін — Ұржанов Шәкәрім;
Жауапты хатшылары — 1938 жылдың 15 мартынан 1939 жылдың 15 мартына дейін Абдулханов, 1939 жылдың 15 мартынан 1940. жылдың 19 ноябріне дейін Нұртазин Мұхамед болған.
1939 жылдың 22 майынан 1940 жылдың, 18 октябріне дейін жауапты редактордың орынбасары болып Көшеков Хажым еңбек еткен.
«Октябрь балалары» газетінің жауапты редакторының орынбасары (1939 жылдың 7 майынан.1940 жылдың 1 январына дейін), сонан соң жауапты редакторы (1940 жылдың 1 январынан 1940 жылдың.16 авгусына дейін) Қонақбаев Жұмаш, жауапты хатшысы (1938 жылдың 1 июнінен 1940 жылдың 1 январына дейін), содан соң жауапты редактордың орынбасары Бейісов Бәкібай.
1940 жылдың 1 февралінен бастап, июль айына дейін редакцияның жауапты хатшысы Ақтанов Мұхамедияр болған.
Бүкіл жер жүзінің пролетарлары, бірігіңдер!
Октябрь балалары
Қазақстан пионерлері мен мектеп балаларының газеті, Қазақстан ЛКЖО - ның Орталық Комитеті мен Алматы облыстық комитетінің органы.
25 декабрь 1939 ж. № 09
КУӘЛIК
Бұлқышев Баубек жолдастың «Октябрь балалары» газеті (ҚЛКЖО Орталық Комитеті мен Алматы обкомының органы) редакциясында мәдениет және балалар творчествосы бөлімінің меңгерушісі болып істейтіні анық.
Редактор (Қонақбаев)
Алматы облыстық әскери
комиссариатының комиссарына
Әскерге шақырылушы
Бұлқышев Баубектен
АРЫЗ
Мектепте бірге оқыған байырғы жолдастарым 4а командасына жіберілгендіктен, Сізден мені 30-командадан соған ауыстырушыңызды өтінемін. Мен Қызыл Армия қатарында Отан алдындағы борышымды бірге өсіп, бір мектепте оқыған байырғы жолдастарыммен өтегім келеді.
Өтінішімді аяқсыз қалдырмауыңызды сұраймын.
Арыз иесі Бұлқышев
СССР Қорғаныс министрлігі архивінің 1972 жылдың 3 февраліндегі 19320 және 1974 жылдың 21 майындағы 21676 санды анықтамалары
Бұлқышев Баубек, 1916 жылы Қарағанды облысының Қарсақпай ауданында туған . Архив документтерінен оның Совет Армиясында:
Март 1940 ж. — июнь 1941 жылы Москва қаласында 22-жеңіл инженерлік батальонда — қызыл әскер;
Июнь 1941 ж. — апрель 1942 жылы — Батыс майданының 21-дербес сапер ротасы саяси жетекшісінің. орынбасары;
Апрель 1942 ж. — август 1942 ж. Батыс майданының 303-армиясы инженерлік батальонының ВЛКСМ бюросының жауапты секретары болғаны анықталды.
22-жеңіл инженерлік батальон — 1941 жылдың август айына дейін 7-мотокорпустың 1-мотоатқыштар дивизиясы құрамында болған, содан кейін екінші рет қайта жасақталып, 1-танк дивизиясының 22-инженерлік ротасына айналдырылған.
1941-1942 жылдары Батыс майданында болған 21- саперлік рота — 1942 жылдың 28 апрелінде ұйымдастырылған 303-армиясы инженерлік батальонның негізі болған.
Татар АССР-Ы Мензелі аудандық әскери комиссариаты 20 июль 1977 ж. № 425 Мензелинск қаласы
Құрметті С. Асқаров жолдас!
Сіздің өтініш хатыңызға алдын ала жауап ретінде Ұлы Отан соғысы кезінде Мензелинск қаласында болған әскери-саяси курстар жөнінде төменгі деректерді хабарлаймыз:
Орта құрамдар дайындайтын Әскери-саяси курстар Мензилинск қаласына 1941 жылдың ноябрь айында Орел облысынан көшіп келіп, Мензилинск педагогикалық училищесінің үйіне орналасты. Бұл курстар Қызыл Армия үшін саяси қызметкерлер дайындады. 1941 жылдың ноябрь-декабрь айларында осы курста Совет Одағының Батыры татар ақыны Мұса Жалил оқыды. Қазіргі кезде өзінің бұрынғы үйіне орналасқан педагогикалық училищеде Мұса Жалилдің музейі бар. Онда әскери-саяси курстар жөнінде Сізге қажет боларлықтай материалдар бар. Музейді Хадыев Василий Хадыевич басқарады. Қазір ол санаторияда демалуда. Мензилинск қаласында 1941 жылдың ноябрінен бастап Мұса Жалилмен бірге оқыған, парторгы болған, аға лейтенант Ахметов Хамат Хамзеевич тұрады. Бірақ ешкімнің де аты-жөні есінде жоқ. Өкінішке орай, аудандық әскери комиссариатта да, жергілікті басқа органдарда да курстар жөнінде архив материалдары жоқ. Дегенмен, ауданның байырғы тұрғындары жеке курсанттардың нақты тапсырмасымен аудан, деревняларында партиялық - саяси жұмыс жүргізуге келіп-кетіп жүргенін айтады. Мәселен, Мұса Жалил осы күні өз атымен аталатын колхоздың Жоғарғы Текермен деревнясында сондай жұмыс жүргізген.
Қазіргі уақытта бұрын әскери-саяси курстарда оқыған ардагерлердің ешқандай Советі жоқ...
СССР Қорғаныс министрлігі архивінің 1971 жылдың
18 ноябріндегі 25552 санды анықтамасы.
1-дербес инженерлік оқу бригадасы бойынша 1943 жылдың 20 июнінде жарияланған бірінші санды бұйрықта:
«Орталық майдан Армия штабының инженерлік бөлім жіберген команда құрамында келген:
...Аға лейтенант Бұлқышев Баубек бүгіннен бастап тыңдаушылар тізіміне енгізілсін және қолындағы аттестаты бойынша барлық қажетті ас мүлікпен қамтамасыз етілсін», — делінген.
394-атқыштар дивизиясының 1943-1944 жылдардағы офицерлер құрамының штаттық қызметі туралы есеп кітабында:
«810-атқыштар полкінің саперлер взводының командир! аға лейтенант Бұлқышев Баубек 170-ші атқыштар дивизиясының 391-атқыштар полкінің рота командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасарлығынан 1943 жылдың 16 ноябрінде келді», — деп көрсетілген.
СССР Қорғаныс министрлігінің
Әскери-медициналық музейі
Әскери-медициналық документтер архиві
4-бөлім
19 март 1976 жыл
№ 16714
196180. Ленинград қ. ф — 180
«810-атқыштар полкі саперлер взводының командирі аға лейтенант Бұлқышев Баубек 1916 жылы туған, Совет Армиясына Алматы қаласының Фрунзе аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылған, 478-медициналық-санитарлық батальонға жалпы әлсіздігіне, денесі мұздап, түршігетініне және басы ауыратынына байланысты келіп түсті, температурасы 39,5°. Медсанбатта аурудың диагнозы — қайта қозып күшейе түскен безгек екені анықталды. Осыған орай жүргізілген емдеу курсынан соң аға лейтенант Бұлқышев 1943 жылы 5 декабрьде өзінің әскери бөліміне қайтарылды.
Архивте аға лейтенант Б. Бұлқышевқа байланысты бұдан басқа деректер жоқ.
4-ғылыми-зерттеу бөлімінін бастығы
Я. Л. Яковлев
СССР Қорғаныс министрлігі
Кадрлар бас басқармасы
25 сентябрь 1971 ж.
№ 173 /4/ В-83588
Москва қаласы, К-160.
Сіздің осы жылғы 8 сентябрьдегі хатыңызға байланысты мынаны хабарлаймын:
394-атқыштар дивизиясының 810-аткыштар полкі саперлер взводының командирі аға лейтенант Бұлқышев Баубек, 1916 жылы туған, 1944 жылы 3 февральда қаза болып, Днепропетровск облысы, Софиев ауданының Ново-Юльевка селосында жерленген.
4-басқарманың 2-бөлім
бастығының орынбасары полковник
Прокопьев
Софиев аудандық
әскери комиссариаты.
Днепропетровск облысы
20 октябрь 1971 ж.
№ 4/793 Софиевка.
Отан үшін соғыста қаза болған аға лейтенант Бұлқышев Баубектің есімі Днепропетровск облысы, Софиев ауданының аймағында жерленгендердің тізімінде жоқ.
Ново-Юльевка селосында бауырластар бейіті бар, бірақ сонда жерленген көп жауынгерлердің аты-жөні анықталмаған.
Ново-Юльевка селосындағы бауырластар бейітінде жерленгендердің тізіміне кіргізу үшін аға лейтенант Бұлқышев Баубектің Ново-Юльевка селосының іргесінде қаза болғанын растайтын документтің кешірмесін жіберуіңізді өтінемін.
Көшірмені өзіңіздің жергілікті әскери комиссариатта куәландыруды сұраймын.
Софиев аудандық әскери комиссары
Майор Мусиенко
Днепропетровск облысы, Софиев аудандық әскери комиссариатының 1971 жылғы 25 ноябріндегі құрастырушыға жолдаған 4/877 санды хаты
Отанымыз үшін шайқаста 1944 жылы 3 февральда қаза болған аға лейтенант Баубек Бүлқышевтың Ново-Юльевка селосындағы бауырластар бейітінде жерленгенін тағы да анықтадық.
Бұл бейіт басында скульптуралық ескерткіш бар, Пово-Юльевка селосындағы орта мектептің оқушылары қамқорлыққа алған.
Софиев ауданының территориясында болған соңғы шайқастар 1943 жылдың 28 ноябрінен 1944 жылдың 5 февраліне дейін болды. Осы шайқастарда Кривой Рог темір рудасы және Никополь марганец бассейнінің тағдырлары шешілді. Айтылған бейітте жерленген Совет жауынгерлерінің тура дәл саны белгісіз, бірақ территориясында 15 мыңнан астам солдаттар мен офицерлер жерленгені анық. Бұлардың тек жеті мыңнан астамының ғана аты-жөні белгілі.
Ново-Юльевка селосын жаудан азат етуде қаза болғaн жауынгерлердің тізіміне Баубек Бұлқышевтың есімі жазылған мемориалдық тақта таяу күндерде дайын болады.
Днепропетровск облысы, Софиев аудандық әскери комиссариатының 1977 жылы 18 январында жинақты құрастырушыға жіберген 4/27 санды хаты
Ново-Юльевка селосындағы бауырластар бейітінің басына қойылған мемориалдық тақтаға Отан үшін қаза болған аға лейтенант Бұлқышев Баубектің есімі жазылғанын хабарлаймыз.
СССР Қорғаныс министрлігі Кадрлардың Бас басқармасы 103160. Москва қаласы, К-160
Кадрлардың Бас басқармасының үкімет наградаларымен наградталғандардың есебінде 1916 жылы туған Бұлқышев Баубектің есімі жоқ.
Бөлім меңгерушісі: Бобков
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының үйінде қойылған мемориалдық тақтаның мазмұны.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жазушылар:
Айтмұқанов Сансызбай
Әлмұхамедов Тәшібай
Бұлқышев Баубек
Егембердиев Зейнеділ
Есмамбетов Әли
Жазықбаев Далабай
Жұмағалиев Абдолла
Манашев Несіпбай
Нұртазин Асқар
Садыров Абдулхай
Сегізбаев Аманғали
Чугунов Владимир
Отан үшін қаза тапқан қаһармандар даңқы арта берсін!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі