Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...
ХХІ ғасырдың ең ауыр дерті-жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі болып отыр. Әлемде жасөспірімдер арасында суицид бойынша 3 орындамыз, жылына 4000 жуық адам өз-өзіне қол жұмсайды. Аңғарып қарасаңыз мұның артында да синтетикалық есірткі жатыр. Қазіргі таңда әлемде есірткі пайдаланушылардың саны 200млн жеткен. Ал еліміздегі жастардың 60% есірткіге тәуелді. Сондай-ақ әлемде есірткіден көз жұмғандар саны бойынша еліміз 33 орынға тұрақтады.
Осындай көрсеткіштерден кейін түрлі сұрақтар туындайды. Есірткінің қандай түрлері бар және зияны қандай? Жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі неден туындайды? Сонымен қатар Есірткімен ұсталған жасөспірімдерге заң қандай жаза қолданады?
Есірткі- жүйке жүйесіне әсер ететін, сезгіштік қабілетінен айыратын және жансыздандыратын зиянды өнім. Есірткіні ең алғаш, зерттеу жұмысын жүргізу үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Есірткі көптеген мемлекеттерде әртүрлі түсіндірмелермен берілген. Ғылымға сүйенсек бұл термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатқызылады. Бұл аты жаман нәрсенің де көптеген түрлері бар. Олар: токсикомания, марихуана, героин, кокаин, экстаз т.б.. Егерде осы терминдерді бір жерден естісенің ол жерден аулақ болыңыз. Себебі, жасөспірімдердің есірткіге тәуелді болуы өз ортасының дұрыс болмауынан. Яғни, белгілі бір жасөспірімдер ортасына, есірткінің шырмауына түскен адам қосылып, олармен достасып алады, кейінен басқаларына есірткіні тұтынып көруді ұсынады. Міне осыдан кейін жасөспірімдердің әрқайсысы еліктеушілікпен, біреуі қызық көрумен, біреуі ойындағы мәселелерден арылу үшін деп қолданады. Ал бұл жағдайдан кейін адам бірден есірткіге әуес болып қалады.
Сондай-ақ адамдар есірткіге әуес болуынан психологиялық және физикалық ауыр жағдайға ұшырайды. Ішкі ағзалары бұзылып, қан қысымы нашарлайды, қалшылдау, дірілдеу секілді ұстама ауруларға шалдығады. Нашақорлықпен айналысқан адам 5 жыл ішінде көз жұмуы әбден мүмкін.
Елімізде осы мәселеге байланысты «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi №279 заңында баяндаған. Сондай-ақ, есірткімен ұсталған немеес оны айналымға түсіргендер үшін, ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді. Елбасымыздың «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты стратегиялық халыққа жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет...» деп ел қамы үшін күрескені тағы бар.
Есірткінің шырмалып шынжырына,
Есі адасып кетпеді ме, қанша мына
Өміріңді жақсарту өз қолыңда
Қамшының сабындай-ақ ғұмырыңда.
Жалпы, елдегі келеңсіз, кері әрекеттерді қалыпқа келтіруге бәріміз бірге жұмыла атсалысуымыз қажет. Бірлік болмаған жерде ешқашан іс бітіп, оңалмайды. Сондықтан еліміз үшін, өзіміз үшін, болашағымыз үшін күресуіміз керек. Ол үшін жасөспірімдер көп пайданылатын әлеуметтік желілерге жақсы мен жаманды салыстыра жеткізу, әр аймақта спорттық ойындар ұйымдастыру, нашақорлыққа салынып, кейіннен оның дұрыс емес екендігіне көз жеткізген адамдардан сұхбат алу. Ең бастысы- жасөспірімдер мен жастарды жақсы әдеттерге баулып, жаман нәрселерден бойларын аулақ ұстауды ескертіп отырған жөн. Бәрі де өз қолымызда!
#УПНДПКЗО
№69 орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Әділова Меруерт
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі