Өлең, жыр, ақындар

Рухани туысқандардың үндестігі

Абай мен Шəкəрім арасында қандай үндестік бар?Неге,қазақтың екі алыптарының есімі бірге аталады?Барлығымызды осындай сұрақтар мазалауы мүмкін.Шəкəрім мен Абай-рухани туысқандар.

Абай мен Шəкəрімнің үндестігінің өзіндік себептері бар.Себебі,ұстазы Абай Шəкəрімнің 17 жасында өлең жазуына себепкер болады.Шəкəрім ағасы Абай сияқты  өлеңді өнер деп білген.Шығармашылық өнерде Абай қандай бағыт ұстанса,сондай бағыт ұстанған.Екі алыптың барлық шығармаларының идеясы дүниетанымдық мәселеде.Халықты бірігіп білім алуға,еңбек етуге шақыратыны тарихта алтын əріптермен жазылып қалған.Мысалы,Абайдың:

"Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей",-деген маржандай тізілген сөздері бар.Қазақ поэзиясының асқар шыңын қазақтың ұлы ақыны Абай қалап кеткен.Ал жүрегінен жалынды жырлар шығара білген Шəкəрім шығармашылық дəстүрді жалғастыра отырып,өрнектеген.Аға мен ірі арасындағы үндестікке бірден-бір себеп шығармашылық ойлау қабілеттерінің көзге көрінбейтін жіп секілді жалғасуында.

Қазақ поэзиясының биік белеске көтерілуіне,əдеби тілдің ауқымының кеңеюіне Абай мен Шəкəрім шығармаларының үлкен үлес қосқаны анық.Қазағыма рухани туысқандардың үндестігі өз пайдасын тигізді.

Тұрғанбек Бибіфатима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз