«Пікір таласы — шындық анасы»
Қазақ халқының өмір арнасында, тарихтың парақ беттеріне түсетін оқиғаларды, тегеурінді мәселелерді көтеріп, халықтың мәдени – адамгершілік тәлім алып, білім жолына қызығушылығын арттырған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының байланысы бірде үзіліп, енді бірде қайта тоғысуын сөзуар ететін боламыз.
Ең асыл іс – шиеліністің күрмеуін шешіп, халықтың көзін ашу екенін білген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтардың тарихи тақырыптарды қозғаған еңбегінен байқай аламыз. Алайда, үстем тап патша өкіметінің саясатынан бұл істің соңына да ертесінен нүкте қойылды.
Ақиқат –екі шындықтың бір мақсатқа жетудегі талпыныстары мен ұстанымдары аражігіндегі әрқилылықтан туады. Мақсаты бір қазақ халқының ұлтжанды арыстарының арман – мақсаты мен тілек – несібесі қазақ халқын өз алдына жеке дербес автономия қылып, ұлттық дәрежесін сақтап қалу еді. Бір ескеретін жайт, қазақ ұлтының көзінің ағы мен қарасы болған «Айқап» пен «Қазақтың» арасындағы түрлі қауесет, пікірталасты уақыт ағымынан және сол кезеңдегі отаршылдық саясаттың кері әсерінен туған түсініспеушілік деп қабылдағанымыз абзал.
Нақты дерекнамаларға сүйене отырып, даудың негізгі себептерін келтіруді жөн көріп отырмын. Бұл жөнінде ең алғаш рет пікірін білдірген, белгілі көрнекті ғалым Б.Кенжетаев зерттеушінің 1950 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген еңбегінен оқып – біле аламыз.
Негізгі талас туғызған мәселелер: жерге орналастыру, съезд шақыру және білім саласында әліпби түзу жөнінде болғанын ашып айтады. «Айқап» журналының маңы татарлардың әсерімен отырықшы болуды үгіттесе, «Қазақ» газетінің жағы қала болуды құптамады. Ғалымның пікірінше, бұл екі түрлі ұсыныс, шындығына келгенде, екі таптың пікірі, мүддесі еді. Сәйкесінше, бірінші пікір жарлы кедейлердің мүддесі де, екіншісі ірі байлардың мақсат – мүддесі еді деп түсініктеме береді.
Бұл еңбектің маңыздылығы мен зерттеушінің қыруар еңбегі – «Айқап» журналы басылымын ақтап қалып, қазақ баспасөзінің тарихынан оқта – текте кетпей, ғылыми айналымда қалуы. Иә, зерттеушінің ең алғашқы ұлттық қазақ тілінде жария көрген журналы мен ұлттың жаны, тағдыры болған газетін небір айыптан аман алып қалу жолдарын іздегенін аңғаруымыз қажет. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін де, екі ұлттық басылым арасындағы талас – тартыс жайында жазып қалдыруға бел буған. Бұл, ғалымның орасан зор еңбегі - ғылымның айтулы жемісіне әкелді.
Заман талабы басымдылығымен болып отырған әрекет салдарынан ««Айқап» журналына қарама – қарсы «Қазақ» газеті шығып жатыр» деген сыңды сыңаржақ, бұрыс пікірлер қалыптаса бастады. Ғалым Б. Кенжетаев екі басылым арасына мәселе тастап, «құрбандық шалып», тіліне тиек, қаламына қарым бітірмегенде, күні бүгінде XX ғасыр басында қазақ халқының қоғамдық өмірінде зор рөл атқарған, түйткіл мәселелерін көтерген екі ұлттық «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті жайлы ең болмағанда, атауын да білмесімізге кім кепіл?
Әйтсе де, бұған қарап екі редакциялық басылым арасында айтыс, орынды пікірталас болмады деген ой тумауы қажет. Оған дәлел, басылым арасында «нақ пікірталас» рөлін атқарып келген «Басқосу» мақаласына өз ойын білдірген Алаш басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері Міржақып Дулатов пен А. Байтұрсыновтардығ жазып қалдырғаны дәлел:
М.Дулатов: «Айқап» əлі де болса «Қазақ» туралы жазатыным бар десе, қағазда тіл жоқ, не жазса да, шыдайды. Тым асқынып бара жатқан соң «Айқапқа» берген жауабымыздың алды-арты осы. Құдайға шүкір, бір-бірімізді қажаудан басқа да ермегіміз бар ғой. Үмітсіз емеспіз, «Айқап» жолдасымыз орынсыз аузынан көбігін шаша бермес, енді тоқталар деп».
А.Байтұрсыновтың: «Басқосудың ашылатын рұқсаты болса, біз дайын» деді. Онан артық тағы не керек? Жоқ, ол жетпеген, съезд турасында əңгімелерін жаңа бастағандары бар көрінеді. Енді «Басқосу» деп ауызға алу бекер, алатын кісі рұқсатын алсын да, ал мінекей, енді келіңіздер деуге жөні бар. Қашаннан бері бір съездің сөзінен басқа нəрсе көрмей отырмыз. Бұл съезд əңгімесімен əуре болып жүргенде өзге сөз сөйленбей қалып бара жатыр», - жазып қалдырғаны бар.
Қорыта айтқанда, «Айқап» ұлттық журналы мен «Қазақ» ұлттық газеті басылым басқармаларының мүддесі бір, көкжиек танымдары мен өзіндік ой – пікірлері қарама – қатынасында мақсатқа жету жолдары екі түрлі болған.
Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы
Журналистика факультеті
1 - курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі