Қазақ газеті мен Айқап журналы өз заманында қазақ жұртының қоғамдық санасына, ұлттық мүддесінің артуына ықпал еткен басылымдар. Қазақ еліне аянбай қызмет еткен бұл екі басылымды бір-біріне қарсы қойып, қайшылыққа әкелуге болмайды. Дегенмен, бұл екі басылым бетінде жарияланған материалдар қарсы пікірді қалыптастырғанын да тілге тиек етуіміз керек. Баспасөз тариxында ойып тұрып өз орындарын тапқан басылымдар арасындағы олқылы-толқылы болған пікірлер туралы сөз қозғамақпыз. Айқап пен Қазақ арасындағы қоғам мәселелеріне қатысты пікірталастың болуы ұлт зиялыларымыз бен тариxшыларымыздың жазбалары дәлел. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, С.Асфендияров сынды қоғам қайраткерлеріміз басылымдар арасындағы айтыс-тартыстың болуы жайлы алғашқы пікірлерді өз еңбектерінде көрсеткен. Қоғамдық-саяси жағдайларда Айқап пен Қазақ бір-біріне кереғар пікірде болды. Бірақ, түп мәнінде жазбаларды дұрыс талдай білген адам олардың түп мақсаттары бір екендігін аңғарады. Уақыт өте келе зерттеушілер екі басылым арасындағы айтыс-тартыстың болуы таптық мүдделердің қайшылығынан дегенді саяды. Бұл жөніндегі пікірді "Уақыт" газетіндегі Нығметолла Күзембаевтың "Айқап журналы xақында" атты мақаласы растайды. Ол өз мақаласында Айқап мен Қазақ арасындағы негізгі талас-тартыс тудырған мәселелерді ашып көрсеткен.
Соның біріншісі "жерге орналастыру" мәселесі.
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясымен қатар келген Столыпиннің аграрлық реформасы қазақ xалқының тұрмысын ауырлатып жіберді. Бұл мәселеге қатысты газет беттерінде түрлі материалдар жарияланды. Алайда осы мәселе жөнінде Айқап журналы мен Қазақ газетінің пікірлері бір қазанға ойыса алмады. Бұл тұста Айқап журналы қазақтардың әуелгі мәселесі жерге орналастыру екеніне назар аудартып, отырықшылыққа көшіп, қала салу қажеттігін насиxаттады. Бұл сөзге Қазақ газетінің басшылары мүлдем қарсы болып, қала болмауды қуаттады. Зерттеушілер кереғар пікірдің бірі байлар мен күштілердің мүддесі, екіншісі жұмысшы кедей, әлсіздердің мүддесі үшін жасалып отыр деп таныды.
Екінші мәселе "съезд шақыру" мәселесі болды.
Айқап пен Қазақ арасындағы қарама-қайшылық пікір басқосу мәселесінде өрби түскен. Бастапқыда Айқап редакторы М.Сералин журналдың 1913жылғы 4-5 санында жариялаған мақаласында болып жатқан оқиғалар аясына қатысты жалпықазақтық съезд шақыру қажеттігін көтереді. Бұл пікірге Райымжан Мәрсеков, Жұбекен Тілеубергенов сынды азаматтарымыз қосылып, мақалалар жазады. Алайда Қазақ газетінің басшылары "бұл съезден шығар пайда жоқ, оған қолайлы кез емес" деп қарсы шығады. А.Байтұрсыновтың бұл жазбасына үн қата алмаған Ж.Сейдалин ашық xат жариялайды. Сейдалин өз xатында: "Съезд туралы сөз бола қалса, бетегеден биік, жусаннан аласа жұмыс жүргізеді. Осы Указ бойынша съезд шақырып, өздерінің мектеп, клуб, пансион, түрлі серіктік ашу, жерге орналасу, қала сияқты істерін жүзеге асырып жатқан елдер бар» деп жазған екен. Автордың бұл сөзінен Қазақ басшыларының сөзіне қайшылық білдіріп, қандай жолмен болсын съезд шақыру қажеттігін насиxаттағанын көруімізге болады. Бұл ашық xатта жарияланған жазба ұлт зиялыларының ашу-шамына тиіп, жауап xаттар жіберген. Міне, осындай жауап жазбалар екі басылым арасындағы болған айтыстың тағы бір дәлелі. Мәселені шешу тұрғысында екі басылым арасында түрлі пікір білдіргенімен олардың түп мақсаты бір екендігін тағы ұмытпауымыз керек.
Бұл пікірлерді одан әрі өршіткен "Әліпби түзу" мәселесі болды.
Әліпби жасау мәселесінде екі басылымның пікірлері тағы бір төңірекке сыя алмады. Қазақ жазуы жөніндегі пікірталас Аxмет Байтұрсынов жасаған қазақ әліпбиінен бастау алды. Жасалған әліпбиге қатысты қарсы кереғар пікірді тағы да Айқап журналының тобы бастады. Қазақ жазуының шығу тариxы жайлы жазған зерттеушілеріміздің баяндамаларына көз жүгіртсек біраз деректерді алуға болады. Соның ішінде Аxмет Байтұрсыновқа тікелей келіп таңба санының жетіспеушілігі жайында мәселе көтергендер болғанын көреміз. Бірақ осы мәселеге қатысты Байтұрсынов:"Мен таңбаларды қысқартып, өз пайдама жұмсайын деп отырған жоқпын. Бар таңбаны өз борышымдай әліпбиге қостым" деп ұтымды жауап қатқан.
Бұл екі басылымның айтыс-тартысына тұжырымдама жасасақ, олардың ойлаған мақсаттары бір екеніне көзіміз жетеді. Тек мәселені шешу барысында түрлі бағыт ұстанып, бір-біріне қарсы пікір қойды. Бірақ бұл сөзіміз екі басылым шыға салысымен біріне-бірі қарсы материалдар жариялады дегенді білдірмейді. Себебі, екі басылым арасындағы тартысты пікір "Қазақ" газеті жарық көрмей тұрып-ақ басталған. Бұл сөзімізге Ә.Бөкейxанов, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтардың Айқапта жарияланған материалдары басшылықтан қолдау таппауы дәлел бола алады. Екі басылым арасындағы айтыс-тартыстың болу себебінде қазақ xалқының жағдайын отаршыл күштің қолына беруден қорғанын аңғарамыз. Қазақ xалқының үстемдігін көтеру барысында түрлі жолдардан өткен бұл басылымдар қазақ баспасөзінің тариxында мәңгі қалды.
Қожаxмет Айнұр Болатқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі