Адамзат өркениеті күн сайын жетіліп келеді. Заманға сай жаһандық дамудың біршамасы осы цифрлық жүйеден. Цифрлық жүйе дегеніміз - қоғамға ыңғайлы, қолжетімді етіп, барлық саланы интернетпен қамту. Мысалғы: жеке куәлікті ұлы телефон арқылы «digital» формат түрінде пайдалану т.с.с.
Экономиканың жан – жақты дамуына сандық жүйенің ықпалы зор. Бұл туралы алғашқы қаулыны Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы жариялаған болатын. Елбасы, өз жолдауында цифрлық индустрияны дамыту басқа да барлық салаларға серпін бермек. Сондықтан Үкімет ІТ – саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми – техникалық инновацияларды қолдау, оларды күнделікті әлеуметтік экономикалық өмірімізге енгізуде жаңа форматты үйреніп, белестерді бағындыру туралы айтқан болатын.
«Цифрлы Қазақстан» жобасының негізгі 4 бағыты бар: Бірінші бағыт – ауыл аймақты интернетпен қамтып, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт – экономикалық салаларға цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі мемлекеттің органдардың жұмыс сапасын арттыру. Төртіншісі – ІТ мамандарын даярлау.
«Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы жарияланғаннан кейін, оның артықшылығы мен қандай мүмкіндіктері бар жөнінде БАҚ жарыса жазғаны мәлім.
Цифрлық жүйенің бірнеше артықшылығын қарастырайық. Бұл бағдарламаның ел тұрмысын жақсартуда әл – ауқатын көтеруде біршама рөл ойнайды. Себебі біз осы жүйе арқылы коррупциядан алшақ боламыз.
Заманның дамығаны соншалық ендігі кезек ауылшаруашылық өнеркәсібіне де енгізді. Мал басына «чип» орнатты. Бұл өз кезегінде мал ұрлығы мен оның қайда жерде жайылымда жүргенін үйде отырып анықтай аласыз.
Бағдарламаның мемлекетке біршама пайдасы бар. Бұрын өнеркәсіпте 400 – 600 кг астық алатын болсақ, цифрландырудың арқасында астық 4 тоннаға өскен. Статистикаға сүйенсек бұрынғыдан салыстырғанда бюджет шығыны 3 есеге азайған. Бұл уақыт пен шағынды үнемдемек
Медиа-мәдениет және Цифрлық Қазақстан моделі
«Ақпараттық қоғам» мәдени әлеуметтік болмыс, жаһандық динамиканың қалыптасу кезеңі десек те болады. Медиа бұл ақпарат таратушы құрал. Жоғарыда атап өткендей әлеуметтік құралдар, медиалар т.б интернетпен жабдықталған.
Масс - медиа – бұл бұқаралық коммуникация құралдары деген мағынаны білдіреді. Коммуникация құралдарына телевидение, интернеттегі ақпараттар, әр түрлі сайттар мен әлеуметтік желілердегі байланыстар кіреді. Қоғамдағы рухани және экономикалық саланың басым бөлігі осы масс – медиаға қарайды. Олардың маңыздылығы кешегі орнаған карантинде айқын байқалды.
Медианы дамыту ретінде, жаңа қаулыға сай 2017 жылдан бастап e.gov сайтына біліктілік арттырып, жаңа технологияларды үйретіліп келеді. Ендігі кезекте халық бұрынғыша ұзынсонар кезекте тұрмай, үйден шықпай сайттан құжаттарын рәсімдей алады. Осы оқытулардан кейін статистикаға сүйенсек; 2017 жылы халықтың 3,8 игеріп шыққан екен. Алдағы мақсат халықтың 80% сауаттандыру көзделіп отыр.
Қазақстан цифрлық даму алғаш егеменді ел атанған кезде келді десем артық болмас. Оған дәлел мектептерде компьютерлік сыныптар ашылып, барлық жұмыстың күші компьютерге жүктелді. Ақпаратты тасымалдау да сақтау да нақты жолға қойылған кезеңдердің бірі болды.
Жеті миллиард халықты тентіреткен індеттің кесірінен, дәстүрлі оқудан ауытқып онлайн форматқа ауыстық. Алайда, «Цифрлы Қазақстан» әлі де сын көтермейді. Ауылдық жерлерде интернетпен байланыстың болмауы, компьютерлік құралдар жетіспеушілігі, банкоматтық жүйелердің болмауы проблемалар туғызып жатыр.
Цифрлы медианың негізгі мақсаты: барлық ақпарат құралдарын онлайн форматта тарату болып табылады. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде әдеби әңгімелер айтылып, еріксіз қоғамда таратылып жатыр. Сондықтан да кітаптар – электронды түрге айналса, мәдени мұраларды қашықтықтан көруге арналған 3D сайттар жасалған. Арнайы сілтемені басу арқылы мұражайларға саяхат жасай аламыз. Әлемнің кез – келген нүктесінен тікелей эфирде көрсетілім көре аламыз. Мұның бәрін дамыған цифрлы медиа – мәдениет деп айтар едім.
Айшылық алыс жерлерден, желден де тез хабар жеткізіп, әрі ақпараттануға көмегі зор. Біз бұл арқылы әр елдің мәдениетін, дәстүрін, сөйлеу мәдениетін, рухани құндылықтарын игере аламыз. Шыққан тегімізді «Шежіре» деп аталатын қосымшадан біліп, кім екенімізді тани аламыз. Әр заманның өзіндік дамуы болса, бүгінгі заманның талабы ретінде цифрлы Қазақстан жобасының масс – медиа арқылы рухани әрі материалдық дамып, әлемге танытып, кеңінен насихаттауға бағдарламаның үлесі зор болмақ.
Цифрлық жаһандану әлемдік сахнада
«Цифрлы Қазақстан» жобасын дайындау кезінде, озық елдерден үлгі алған. Мемлекетті арнайы жүйеге келтіріп, ел экономикасын цифрлық жүйеге көшіру әлемдік трендтердің бірі. Алайда, дамыған Жапония, Қытай, Сингапур елдерінде ерте кезден бастау алған.
Бұлардан басқа, Еуропаның бірқатар елдері, әсіресе Германия ерекше аталады. Дәстүрлі технологиялық елдердің бәсекеде оза шабатынына еш шүбә жоқ.
Ұлыбританияның цифрлы экономиканың даму стратегиясында бұл елдің әлемдегі кибер кеңістікте алда болуы үшін барлық жағынан қамтамасыз ету керек екенін ашық түрде мәлімдеді. Ұлыбританиялықтар бұл арқылы еңбек өнімділігін арттырып, ұлттың гүлденуіне жол ашпақ деген болатын.
ХХ ғасырдың 70 – жылдарында Жапонияда автомобильдерді цифрландыру басталған. Қазіргі кезде Жапон көліктері әлемдік брендке айналған. Жапондықтар әлемге роботтарымен танымал. Барлық қызметті адамдар емес роботтар атқарады. Бір жағынан бұл тиімді болғанымен екінші жағынан халықты жұмыссыздыққа әкеліп соқтырады.
Цифрлық жүйеге көшудегі Қазақстанның болашақ келбеті
«Болашақтың цифрлық индустриясын құру» - адами капиталды дамытудың жаңаша көрінісі. Бағдарламада 2018 – 2022 жылдар аралығында бірнеше жоспар құрылған. Солардың бірі «ақылды қала», «ақылды ұлт» деп аталады.
«Ақылды қала» арқылы Қазақстанның негізгі ірі қалаларына енгізуді жоспарлап отыр. Соған сәйкес әр қала өзіне қажетті бағытты таңдап отыр. Нұр – Сұлтан қаласы әлеуметтік қауіпсіздікті алса, Алматы шаһары – кептеліс болдырмау үшін, көлік саласын тиімді басқаруды таңдаған. Еліміздің шығысы – экология мен бизнесте таңдаса, мұнайлы батыс – қоғамның салауатты өмір салтын қалыптастыруды таңдаған. Жобаны іске асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланып, болашақта жақсы жетістікке жетуге жәрдемдеспек.
Қазіргі кезде осы жобаның аясында бірнеше «смарт» шаралар қолға алынған. Смарт – емхана, смарт – мектептер, смарт – билеттер мен төлемдер, смарт -көшелердің жарықтануы, қауіпсіз қала жобалары жүзеге асырылып, біршама тиімділіктерін көрсетіп жатыр. Болашақта деп жоспарланған жобалар, келіп жеткен кеселдің әсерінен мерзімінен бұрын іске қосылды.
Ендігі кезекте аялдамаларда адамның көп шоғырланатын жерлерде тегін «Wi – Fi» қондырып, халықты кез келген уақытта интернетпен қамтамасыз етпек.
Бұл жүйелер дамыған елдерде бұрыннан бар. Сондықтан да жас мемлекеттерге қарағанда дамыған мемлекеттер біршама алда. Экономикалық және рухани мәдени жағынан басып озып тұр.
Барлық саланы цифрландару адамзат баласына өте тиімді дүние болмақ. Қазақстан осы қарқынмен әрмен қарай жалғастырса экономика жағынан алда болмақ. Себебі, еліміз табиғи құндылықтарға бай. Осыны пайдаланып, жүйелі жүргізсе дамыған ондық елдің қатарына кіре аламыз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы болашағымыз жарқын болмақ.
Аралбай Камшат Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті 1 – курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі