“Айқап” та, “Қазақ” та қазақтың басына қиын күндер болғанда жарыққа шыққан. Қазақ халқының қамы үшін ашылған. Бұл газет пен журналды жау деп айтуға келмейді, себебі екеуінің де мақсаты бір болған. Мәселелерді бірдей мақсатпен қозғағанымен, екі түрлі жолмен шешкен. Екі басылымда қазақтың есінде ерекше орын алады. Халықтың қамын ойлаған басылымдар әлі күнге дейін өз дәрежелерін жоғалтқан емес. Бұл басылымдардың не үшін айтысқанын көрнекті ғалым Б.Кенжебаев жазған. Ол бұны үш түрлі мәселе бойынша өрбіген. Атап айтқанда, жерге орналастыру, сьезд шақыру және әліпби түзу жөнінде екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған. Онда “Айқап” журналы отырықшы ел болуды қаласа, “Қазақ” газеті бұның Ресей мемлекетінің жоспары деп айтқан болатын. Осыған байланысты екі басылым арасында келіспеушілік орнаған. Яғни, жер мәселесі қазақ газеті үшін орны айрықша мәселе болған. Бірі отырықшылықты, бірі көшпенділікті таңдаған. Екінші бір мәселе сьезд мәселесі. Бұл басылым арасындағы басқосу туралы айтыс асқынып, бас араздыққа ұласып бара жатқанын қазақ оқығандарын аландатқан болатын. “Айқап” пен “Қазақ” айтысы азаттық үшін бірден-бір күрес құралына айналып отырған баспасөздің беделін түсірген. Осындай жағдайларға қарамастан “Айқап” журналы да, “Қазақ” газеті де бір-бірінің сөзін қолдап, бір-біріне демеу болған. Оның дәлелі менің ойымша, “Қазақ” газетінің “Айқап” журналындағы соңғы басылымды өздерінде шығарып, оны өздерінің парызы санайды.Екі басылым арасындағы болған айтыстардың себебі, екі жолды таңдап шешуі . Негізінен келсе, олардың түпкілікті мақсаты да, арманы да бір болатын. Бірақ екі жолды таңдау арқылы, олардың арасында келіспеушілік орнады. Түпкілікті арман, мақсаттары бұл қазақ халқының қамы, олардың бостандығы, сауаттылығы, көздерінің ашылуы еді. Бірақ та, түбі осындай бір айтысқа ұшырағанын көреміз. Айқап журналы да, Қазақ газеті де қазақтың көзіндегі ағы мен қарасындай болған орындары ерекше басылымдар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі