"Айқап" пен “Қазақ” газеті өз кезеңіндегі халықтың көзі, құлағы һәм тілі болған таңдаулы басылымдардың бірі және бірегейі.
"Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан.Қос басылымды да,қазақтың намысын қорғап , сойылымын соққан нағыз ұлтжанды азаматтар басқарған.Бұл басылымдарда көтерілген кей мәселелердің әлі күнге дейін өзектілігі жойылмай келе жатыр.
Айқап журналының редакторы- қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин болды.Ал Қазақ газетін ұлттың ұстазы атанған – Ахмет Байтұрсынов басқарды. Шынымен екі ағамыздың арасы суық болған ба? Әлде бұл адамға емес, басылымдарынның ұстанымдарына қатысты мәселе ме?
Негізге ала отырсақ, «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті мәселелерді өткір көтерді. «Қазақтың» басты бағыты ағартушылық мәселені қамтыды.
Бір анығы,қос басылым арасында келіспеушілік болған . Оны Бейімбет Мәйлиннің мына сөздерінде: Енді келейік, "Айқап" пен "Қазақ" арасына . Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы , ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі» деген сөздері айшықтай түседі.
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталас патша əкімшілігі тарапынан таңылған көшпелі жəне отырықшы нормаға қатысты туындағанын көреміз. Екі басылымның да ойлаған мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің қолжаулығына айналудан қорғап қалу мұраты болатын. Бірақ, оған жетуде екі жолды таңдады.
«Айқап» журналы: Көшпенділіктен бастартып, отырықшы боламыз,отырықшы болған ел оқуға мүмкіндік алады ,егін егіп, басқа да шаруа түрлерін дамытады деп ашық пікір білдіреді.Алты Алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап,халыққа шамасы келгенше түсіндіру мақсатын ұстанған басылым еді. Ал, «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан Алаш азаматтары бұл мəселеге басқаша қарады. Олар кешегі кеңес дəуірінде кейбір зерттеушілер дəлелдеуге тырысқандай, отырықшылық тұрмысқа қарсы шығып, таптық мақсат көздеген жоқ. Отырықшы норманың отаршыл мазмұнын ашып көрсетіп, аңқау елді алдап, қақпанына түсіруді көздеген құйтырқы саясаттың сырын түсіндіруге күш салды. Бірақ бұл қос басылым ұстанымдарындағы жалғыз қайшылық емес.Бұнымен қоса олардың съезд өткізуге және әліпби таңдауға, қазақ жазуы жөнінде келгенде де пікірлері екіге жарылған.Осы сынды келіспеушіліктің болғандығын газет-журнал беттеріндегі материалдар да растайды.Қазақтың сол тұстағы зиялылары қос газетті мәмлеге келуге береке-бірлікке үгіттеген. Қорыта айтқанда , қос басылым да қазақтың керегесін кеңейтіп,қемел елге айналдыруға талпыныс қылды.Бірақ оған жету үшін өздерінің дұрыс көрген пікірлерін ашық білдіріп отырды.Сондықтан бұл мәселелерге келгенде «екі басылым араз болған» деп айта алмаймыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі