Кезінде қалың қазақ елінің ағы мен қарасындай болған "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің бағыты екі түрлі болғанымен, негізгі түп мақсаты бір болды. Шырмауықтай шырмалған саясаттың шырмауында қалып қойған қараңғы халқымыздың көзін ашу болатын. Айқаптықтардың басты мақсаты елдің құлағы мен көзі бола білу, жеткізу болса, қазақтықтар халыққа жол сілтеп, таңдау жасау үшін үгіт - насихат жүргізе білді. Дегенмен, олар жиі айтысып отырған. Екі басылымның айтысқан себептерінің бірі жер мәселесі. Мысалы, "Айқап" журналының зиялылары қала болуды жақтаса, "Қазақ" газеті қала болуды қолдамады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікірі, мүддесі еді де, екіншісі қазақтың ірі байларының пікірі, мүддесі еді. Екі түрлі көзқараспен бұл басылымдар жұртымызға таяқтың екі ұшы болытынын, яғни, мәселені екі жақты қарау керек екенін нұсқағандай болды. Бұл өктем саясаттың өкілеттігіне күдік тудырмай, әрекет ету болатын. "Екі басылым бір бірімен араз болған, немесе басылымдардың басшылары бір - бірін қолдамаған, жақтырмаған, арасы суық болған" - деген сыңаржақ пікірді естіп жатамыз. Бірақ бұл ойдан болашақ ұрпақ аулақ болуымыз керек. Ол да болса бұлжымас бірлік дейтін асыл мұраттың бір ұстыны бола алады. Себебі, сайып келгенде қос басылымда қазақтың басын төрге сүйреп, кемел келешігіміздің тәуелсіз күндері үшін шыбын жанын қиып, тер төкті. "Айқап" журналының басшысы М.Сералин мен "Қазақ" газетінің негізін қалаушы А.Байтұрсынов та қазақтың маңдайға біткен қос қанатты тұлпары, алаштың азуынды арыстары. Басылымдардың басты шындығының бірсыпырасы қазақ елінің мұңы мен зарын екі түрлі бағытта жазды. Бұл ащы шындық ғасырларға жалғасқан тарих болары хақ. Сондықтан, халқымызға жол нұсқаған басылымдарды құрметтеу қажет.
Жанель Уалиханқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі