Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім туралы толғаныс

   Біздің қазіргі қоғамдағы жастар тәуелсіздікті қалай түсінеді? Қадірін жете біле ме? Деген сұрақтар санамда көп. Осылай ойлана отырып  мен өзімнің елім Тәуелсіз Қазақстан жайлы толғанысымды жеткіземін.

  Біздің республика отыз жыл бұрын өз тәуелсіздігін алды. Бұл тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Қаншама боздақтардың қаны төгіліп, ата-баба аңсаған тәуелсіздікке қиындықпен қол жетті. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бізде үлкен қалалар, зауыттар мен фабрикалар болған жоқ. Отыз ішінде Қазақстан қарыштап дамып, біршама жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда бүкіл әлем білетін, төрткіл дүние саясатта санасатын мемлекет болды.

  Қазақ елінің тарихында көптеген құлдыраулар, жеңістер мен жеңілістер болды. Біздің мемлекет әлі де өте жас, әрі дамушы мемлекет болып саналады. Біздің болашақта өміріміз жарқын болуы, Қазақстанды бұдан әрі биік шыңға көтеру біздің, жастардың қолында. Біз достық пен бейбітшілікті бағалауды үйренуіміз керек. Қазақстандықтардың тату-тәтті өмір сүруі үлкенге де, кішіге де үлкен бақыт.

 Мен Отанымды осында туғаным үшін, өз ана тілімде сөйлейтіндігім үшін мақтан тұтамын.

 Дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан азаттықтың ежелден келе жатқан армандарын жүзеге асырды. Халық алғаш рет мәдениетін, тілін, сенімін, діні мен дәстүрін дамыту мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде республиканың әрбір азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады. Біздің еліміздің тәуелсіздігі – бұл үш жүз жыл бойы үзіліп қалған ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ халқының ең қасиетті жетістігі. Республикамыздың туын, елтаңбасын және әнұранын бағалап, құрметтеу әрқайсымыздың міндетіміз. Олардың көмегімен біз өз еліміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Олармен біз өзімізді біртұтас отбасы ретінде сезінеміз.

 Қазақстанның шұрайлы жерлері, биік таулары, мөлдір өзен, көлдері , өзінің салт-дәстүрі, діні, ана тілі бар бай мемлекет. Бірақ Қазақстанның ең маңызды байлығы - ауызбіршілік. Себебі мұнда түрлі ұлттардың адамдары тұрады, әрқайсысының өз тілі, өз әдет-ғұрпы бар. Бірақ барлық адамдарды достық пен ауызбіршілік біріктіреді.

  Қысқаша айтқанда қазіргі Қазақстан – бұл тәуелсіз, егемен, демократиялық , экономикасы тұрақты және болашаққа нық қадам баса алатын мемлекет.

 Қазір ХХІ ғасыр – жас мемлекеттің тірегіне айналатын жаңа ұрпақтың ғасыры. Біз оқуға үлкен көңіл бөлуіміз керек, барынша білім алуға тырысуымыз керек. Жаңа мыңжылдықтың мемлекетіне білімді, белсенді адамдар қажет. Мемлекеттің болашағы бізге байланысты болады. «Қазақстанға ұлтымыздың әлеуетін оятуға және іске асыруға мүмкіндік беретін зияткерлік революция қажет», - дейді Н.Назарбаев. Мен жеке өзімнің туған жерім Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосу үшін оқуға, мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге тырысамын. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын!

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер