«Біздің мақсатымыз»атты мақала қараңғы қапаста ұйықтап жатқан, қой аузынан шөп алмайтын, жуас қазақтың бойына рух беріп ояту мақсатында, Ресей патшалығын әшкерелеу мақсатымен жазылған бойында қазақы қаны қайнаған бір туар азаматтарымыздың бірі -Міржақып Дулатұлының мақаласы.
Жалпы мақалада ешбір бумасыз, ашық қазақ деген ұлтта бостандықтың жоқтығы, тікелей Ресей патшалығына тәуелділігі, мәртебелі министрлерлің арам пиғылдары үшін қарапайым, қараңғы қазақтың қор болып, тепкінің астында мал-мүлкінен айырылып жатқандығы, рухы биік қазаққа қайдағы бір орыс патшалығының күші өтіп, ойларына не келсе соны істеп жүргендігі, орыстың жерлеріне күші жетпеген, аштан өлейін деп жүрген мұжықтарға қазақ жерінің тартып алып беріліп жатқандығы ашына жазылған.
Онымен қоймай діндеріне, атадан қалған асыл мұра әдет-ғұрпына араласып, діни кітаптарының тұтқынға алынғандығы, жалпақ тілмен айтқанда қазақты езгілеп, басынғандығы, сөз бостандығынан толығымен айырғандығы байқалады.
Жалпы қараңғы, жуас деген қазақтың рухын қанша табаласада өшпейтін, қасқырдай қайсар мінезді, жүрегін суырып алсада дайын тұратын қазаққа жанашыр, намысы қайнаған, шоқтығы биік қазақ деген ұлттың тектілігі, әр қазақтың бойында судырап жатқан қазақы ерекше қанымен ерекшеленетінін білеміз.Алайда дәл сол қиын шақта кеудеде соққан жүректің дәл бір дүрсілін тоқтатып қойып, қазақтың болашағын ойлаған батыр азамат, үлгі алар жазушы Міржақып Дулатұлының ерлігін дәл қазіргі батырлармен салыстыруға болар, бірақ қазақтың күнін сөндірмеген батырымыздың орны мүлдем басқа дер едім.
Тоқанова Аяужан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі