Өлең, жыр, ақындар

Балаларға арналған жеке Instagram құрылмақшы

Facebook әлеуметтік желісі 13 жасқа дейінгі балаларға арнап Instagram-да суреттермен алмасу қызметінің нұсқасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазады.

"Біз Instagram жүйесіне балалар өз достарымен байланыста бола алатын, жаңа нәрселерді ашып, өз  қызығушылықтарын тауып және тағы да  басқа  өздерін қызықтырған заттарды ата-аналарының бақылауымен қарай алатындай етіп енгізуді жоспарлаудамыз", — деді Facebook өкілі Джо Осборн.

Балаларға арналған инстаграмды Messenger Kids сервисі негізінде жасау жоспарланған.  

Messenger Kids — бұл Facebook хабарлама алмасу бағдарламасының жасөспірімдерге арналған нұсқасы. Қосымшаны ата-аналар бақылай алады, дегенмен, кейбір кемшіліктер балаларға ата-анасының рұқсатынсыз басқа адамдармен сөйлесуге мүмкіндік берген еді.

Қания Табыс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз