Қазіргі заманды ұялы телефонсыз, әлеуметтік желілерсіз елестету мүмкін емес. Бұл мақаламда «әлеуметтік желілердің» бізге тигізер пайдасы мен зияны жайлы айта кеткім келіп отыр. 21 ғасыр - технологияның шарықтау кезеңіне жетіп жатқан заман. Бүгінгі күнде ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Жұмыста болсын, тамақтану барысында, мектепте ұялы телефонды пайдаланатымыз өтірік емес.
Ал әлеуметтік желілерге тоқталатын болсақ. Жалпы «әлеуметтік желі» дегеніміз не? Әлеуметтік желі-бұл миллиардтаған адамдардың күнделікті жаңалықтарымен, қызықты ақпараттармен бөлісіп, хат-хабар алысатын сайттардың бірлестігі. Қолымыз босай сала, барлығымыз әлеуметтік желілерге кіріп кететініміз бар. ВК, Фейсбук, Инстаграм, Whatsapp, You Tube, Tik-Tok желілерінде барлығымыз отыратынымыз рас. Әлеуметтік желінің пайдасы мен қатар зияны да бар. Пайдасы жайлы айта кетсем: Алыстағы туған-туысқандарымыз, достарымызбен әлеуметтік желілер арқылы хат-хабар алмастыра аламыз, ғаламтордан қызықты, пайдалы ақпараттарды алу мүмкіндігіміз бар. Және де, ең күштісі басқа мемлекеттерден қашықтықтан оқыту бағдарламасы арқылы білім ала аламыз. Айта берсек, пайдасы өте көп. Ал зиянына келетін болсақ: виртуалды әлемге толықтай бой алдырғанбыз, көбісі ғаламторда сағаттап отырып, алтындай уақыттарын құр босқа жіберіп қояды. Онымен қоса жалпы ұялы телефонның адам ағзасына тигізер зияны көп. Оның бірі -электромагниттік өрістер.
Мен де осы әлеуметтік желілердің қолданушысымын. Жоғарыда айта кеткен барлық әлеуметтік желілерге менде тіркелгенмін, және осы уақытқа дейін түсінгенім, уақытымның көбін құр босқа жібереді екенмін. Жай бір қарап шығайын деп, минуттардың қалай сағаттарға айналып кеткенін байқамай қалатыным рас. Ең бастысы, қолдану барысында әлеуметтік желінің тек пайдалы жақтарын қарап, шектен шықпаған дұрыс.
Есенгелді Дильназ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі