Қытайдың жасап шығарған Tik-Tok қолданбасы бүкіл əлемнің назарын өзіне аудартты. Қолың босай қалғанда смартфондағы осы қолданбаға үңілеміз де қаламыз. Сиқыры бар іспетті. 15-30 секундтық бейнероликтерді көріп алданамыз,уақыттың қалай өткенін білмей қаламыз. Трендтегі бейнероликтерді қайталап,қолымыздан келгенше бар өнерімізді көрсетіп,түсіреміз. Іздеу батырмасын бассаң,керектінің бəрі алдыңнан шығады. "Іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылады". Бұл əлеуметтік желіні қолданатындар екіге бөлінеді: еліктіріп алып кететіндей бейнеролик түсіретіндер жəне қолданбаның тамашалаушы көрермендері. Бəрі де бар. Қара пиар ұстап,"атың шықпаса жер өрте" дегендей,танымал боламын деп тырмысып,адамның басына қонбайтын түрлі іс-əрекетке баратындар қазіргі уақытта көзге үйреншікті болып барады. Серуендеуге шыға қалсаң смартфонға қарап секеңдеп билеген кішкентай баладан,"бір аяғы көрде,бір аяғы төрде" тұрған қаусаған қартты да көресің. Жаһандану заманында Батыстың мәдениеті еніп,ұлттығымыз бен тілімізден беземіз бе деп қорқамын. Ақылға қонатын дүниелердің азайып,адам баласының ойына қонымсыз дүниелерді шығарып,өзіне баурап алатын бұл əлеуметтік желінің қандай сиқыры бар екен?
Тұрғанбек Бибіфатима
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі