«Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
Ендеше біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық. Құрметті ата - аналар, қонақтар, «Алма» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Ой балалар, мында кім жүр?
Бауырсақ: Сәлеметсіздерме балалар, аяз - ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.
Қоян:
Мен қоянмын қорқақтау,
Кішкене тілім шорқақтау.
Балалар, сендер Бауырсақты көрдіңдер ме?
Жүргізуші: Ой, қоян, сен бауырсақты іздеп жүргенше, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.
Қоян:
Әнді сүйіп тыңдаймын
Бірге айтсақ шыңдаймын.
Жүргізуші: Ендеше бәріміз бірге ән шырқайық.
Хор: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Мынау кім екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.
Жүргізуші: А...... солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың.
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Жүргізуші: Сен оданда бізбен бірге Жаңа жылды тойла. Балалар, сендер қасқырға тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
Айлин: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Ақтолқын: Шеберін ай аяздың,
Әйнектерді қағаз ғып.
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Суреттерді әр үйге,
Әйнектерді әрине.
Түнде салып береді..
Алихан: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Дәулет: Ақ құрауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Абдуали: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақтан киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.
Би: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
1, 2, 3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың,
Ақшақар:
Сәлеметсіздерме балалар.Бәрің өте әдемі болып тұрсыңдар.Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс - алыс жолдардан келемін. Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Аяз ата, сіз қам жемеңіз, біздің балалар бар, жиналған аңдар бар, сізге көмектеседі. Мен өзіммен бірге жаңа жылды алып келдім.
Ескі жыл: Балалар менің сендермен қоштасатын уақытым келді. Мен сендермен уақытымды әр кез қызықты өткіздім. Сендерге үлкен рахмет. Жаңа жылда үлкен сәттіліктер тілеймін. Сау болыңдар балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жаңа жыл: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылымыз ортамызға аман - есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға ән орындап берейік.
Ән: «Жаңа жыл».
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді.
Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын.
Түлкі: Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда.
(Бауырсақты іздеп жүргенін айтады)
Қанеки бірге таласа,
Менімен де, балалар,
Ойнасын ойын тамаша.
Ойын: «Шыршаны безендір» сайысы
Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Балалар екі кішкентай шыршаны безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.
Мыстан:Мен жаңа келе жатсам, мына қоржынды тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе?
Балалар:
Бұл Аяз атаның қоржыны
Мыстан:
А… ендеше сендер өлең айтың, би билеңдер, тақпақтар айтың сосын аласыңдар. Бірақ қоржынды ашып көрейін ішінде не бар екенін көрейін.
(Қоржынды ашады, ішінен сайқымазақ шығады)
Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап,
Қызық күлкі тыңдаңдар!
(Амандасады ) мен Жаңа жылды тойлауға келе жатып, адасып қалдым, тоңып қоржынға кіріп жылынып отыр едім, Мыстан әже маған көмектесті ғой. Қанекей олай болса, барлығымыз менің қуанышыма би билеп жіберейік.
Би: Ергежейлілер
(Бауырсақ Аяз атаның қоржынын тауып келеді.)
Аяз ата: Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!
Ата – аналарыңмен ата - әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі