Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Осындай асыл қазынаны оқу қазіргі кезде мүлдем төмендеп кетті. Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткендей, өркениетті қоғамның басты тірегі – білімде, ал білімнің кілті – кітапта. Бұндай ойды ертеден білген ел билеушілер мен патшалар, ғалымдар өз заманның өзінде билік құрған мемлекетте әуелі кітап оқу және кітапхана ісін өркендетуге ерекше назар аударғанын байқауға болады. Оның жарқын үлгісі – бүгінге аңыз болып жеткен әлем кереметтерінің бірі – Мысырдағы Александрия кітапханасы болса, екіншісі – түркі халықтарына ортақ құндылық – көне Отырар кітапханасы. Одан бөлек те талай дәуірдің кемелденуіне қызмет етіп келе жатқан кітапханалар санында шек жоқ. Заман дамыған сайын, адамзат баласы кемелдікке ұмтылған сайын кітап пен кітапханалардың рөлі мен маңызы, құндылығы арта түспеседі. Өйткені, ұлы француз жазушысы һәм философы Дени Дидро айтпақшы, адамзат кітап оқуын қойған күні, ойлануын да тоқтатады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарих кафедрасының Тарих-география мамандығының 1- курс магистранттары куратор эдвайзер Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызымен бірге 13-ақпан күні халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап-білім бұлағы» атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шараның барысында Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы сөз сөйлеп, артынша топ студенттерімен бірге өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісіп, қызықты мағлұматтарттармен таныстырды. Сонымен қатар, Тарих-География мамандығының 1 курс магистранттары Қарпықова Тоғжан, Мұратов Ербұлан ортаға шығып студенттерге кітап туралы викторина ұйымдастырып, топ студенттерінің тараптарынан сұрақтарға жауап берілген болатын. Викторинаның нәтижесінде топ студенті - Шайдозым Нұрмұхаммед жеңіске жетіп, атақты жазушы Виктор Франклинның «Өмірден мән іздеген жан» деген кітабы сыйлыққа тартылды. Осы тәрбие іс-шараның барысында студенттер рухани байып қана қоймай, кітапқа деген махаббаттары одан сайын арта түсті десекте болады.
Міне, кітап оқуға ынталандыратын осындай тәрбие іс-шаралар бізде жаппай қолға алынуы керек. Ол үшін Кітап күні, соның ішінде Қазақ кітабының күні жарияланып, оған күллі қоғам белсене араласса, мәдени, рухани дамитын адамдардың саны да мейлінше толығатыны анық.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Профессор м. а. Қозғамбаева Г.Б
Тарих факультетінің 1 курс магистранты Маникова А. А.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі